БҰЛ БАЙҚАУДА БАРЫН САЛДЫ ҰСТАЗДАР

Ел ішінде ұлы Абайға деген құрмет ешқашан толастамайды. Сайрамдықтар да мұндай үлгіні жыл сайын паш етіп келеді. Жақында өзге ұлттар арасында қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, дана Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты байқауы өткізілді.
Тартысты өнер додасына ауданымыздан 13 үміткер қатысып, бақ сынады.
Байқау үш кезеңнен тұрды.
1.Абай өлеңдерін жатқа оқу.( кемі – 3 өлең.)
2.Абай қара сөздерінен бір қара сөз жатқа толық оқу, оның мағынасын өз сөзімен түсіндіру.
3.Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

Байқауға Түркістан облыстық тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Исатай Гүлмира Асқарқызы, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің профессоры, философия ғылымының кандитаты Файзулла Гүлназ Файзуллақызы, аудандық білім бөлімінің қазақ тілі әдіскері Шонтукова Меруерт Қуанышқызы қазылық етті.

Жақсы дайындалып келген үміткерлер арасындағы бұл байқау тартысты өтті.Қатысушылар бар өнерін салып, Абайды зерттеу, оның шығармаларын түсініп оқу ізденістерін байқатты. Нәтижеде қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені С.Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Джалиева Севара Корганбайқызы иеленді. Ал, І орынды М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Рахматуллаева Айдын алса, ІІ орынды «Далабазар» жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Юсупова Равшанай, ІІІ орынды Д.Қонаев атындағы ЖОМ ЖШС-нің мұғалімі Исраилова Клара Абдуғаниқызы олжалады. «Қара сөз шебері» номинациясына Әл-Фараби атындағы ЖОМ ЖШС-нің мұғалімі Файзуллаева Дурдона , «Талантты қатысушы» номинациясына №104 НОМ-нің мұғалімі Юнусметова Наргиза , «Мәңерлеп оқушы» номинациясына №7 Бабыр атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Эргешова Малика ие болды. Барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды. МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Н. Аяптегі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *