ОБЛЫСТА ТОП ЖАРУ ОҢАЙ ЕМЕС!

ШӘКІРТТЕРІМІЗ БОКСТАН АЙМАҚТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ.

Түркістан облысы, Сайрам ауданының орталығы Ақсу ауылында бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Біржан Бөбеевті еске алуға арналған 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті.
Шаршы алаңдағы бокс бәсекесіне Түркістан облысысының барлық қала, аудандарынан ріктелген былғары қолғап шеберлері қатысып, өзара мықтыны анықтады. Ринг төрінде 14 салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшылардың жеңімпаздары анықталды. Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған жарысқа бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжан арнайы қатысып, Түркістан облысының жасөспірім боксшыларының аяқ алысын байқады.
Осы жарыста «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шәкірттері топ жарды.
Олардың қатарында 46 келі салмақ дәрежесінде Серікбай Ұлан II орынға ие болды. 70 келі салмақ дәрежесінде Талғат Абылай II орынға ие болды. Дарынды былғары қолғап шеберлері қазан айында өтетін аймақтық Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ 70 келі салмақ дәрежесінде Ортабек Сержан және Мүсілім Әділет қола медальға ие болды. 46 келі салмақ дәрежесінде Құттыбай Нұрдәулетте III орынды еншіледі.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы тағайындалған медальдар мен алғыс хаттар тапсырылды. Енді үздік деп танылған боксшылар облыстық құрамаға шақырту алып, елшілік додада өңір намысын қорғайтын болады.
Жүлделі орындарды еншілеген спортшыларымыздың бапкерлері: Ерменбеков Қайрат, Байниязов Олжас,
Оразалиев Еркін.
Алдағы додалы жарыстарға сәттілік тілейміз!
Нұртілек Нұрғисаұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған