СҮЙІНШІ! БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ САЙРАМДЫҚ СПОРТШЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
Әзербайжан астанасы Бакуде өткен бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Ауқымды додада 9 елден келген 200-ден астам былғары қолғап шебері бақ сынасып, әр салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды.
Аталған халықаралық жарыста Сайрам ауданының мақтанышы НҰРҒИСА ТҰРАБЕКОВ 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді. Бұл — тек оның емес, өңіріміздің де үлкен жетістігі.
Нұрғиса Тұрабеков — Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» КММ-нің түлегі. Жас спортшының алғашқы бапкерлері — Рашид Лапаев пен Еркін Оразалиев. Олардың төккен тері мен еңбегінің арқасында Нұрғиса халықаралық аренада сәтті өнер көрсетті.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы жарыс алдында Бакуде бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп, сайысқа тыңғылықты дайындықпен барған болатын. Бұл турнир спортшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.
«Ақсу жекпе-жек спорт клубы