Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданатын уақыт кел­ді

Президент АЭС салу бойынша референдум 2024 жылдың 6 қазанында өтетінін айтқан болатын. Бұл мәселе халық арасында қызу талқыға түсті, соның ішінде жастар арасында жиі айтылуда.
Атом электр станциясының салынуы Қазақстандықтар үшін, еліміз үшін ең дұрыс шешім деп ойлаймын. Себебі қазіргі уақытта және болашақта электр жүйесінің тапшылығы елімізде елеулі орын алатыны анық. Осы мәселенің алдын алу мақсатында жасалып жатқан АЭС жобасының жасалуы оң шешім деген ойдамын.
АЭС-ті салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелер еді деген пікір қашаннан бері айтылып келуде. Жасыратын несі бар, қалай айтсақ та қазіргі күні экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына байланысты болып тұрғанына халықтың көзі жеткендей.
Талқыда жүрген тақырып бойынша Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталағы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымымен және ауданның белсенді жастарымен жиналыс өткіздік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *