Баршаларыңызға белгілі, 2024 жылдың 6 қазанында АЭС салу жөніндегі бүкілхалықтық референдум өтеді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтқан болатын. Қазіргі таңда аталған мәселені ел азаматтары қолдап, Мемлекет басшысының бұл бастамасының шын мәнінде Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы орасан екендігі айтылып жатыр.
Осы мақсатта, Ануар Исмаилов атындағы гуманитарлық педогогикалық колледжінде кездесу өтіп, онда референдумның өту мақсаты және маңыздылығы жайында мекеме ұжымы мен студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Кездесуге эксперт ретінде аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Қабылбеков,
«Ауыл» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы Е.Жайлаубеков, «Семей ядролық полигоны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Ирисметов және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы орынбасары А.Бағдатұлы қатысып, жиналғандарға егжей-тегжейлі түсіндірді. Сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында энергия тапшылығын азайтуда атом электр станциясының маңыздылығы, оның елімізге қажеттілігі туралы сөз қозғалды.
Н. ТҰРДЫМҰРАТОВ