ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҰЛЫҚТАЛДЫ

 

Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ақсукент спорт клубы» КММ-нің және «Ақсу жекпе-жек» клубы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Түркістан облысының аудандық спорт клубы қызметкерлері арасында ұлттық ойын асық атудан және бес асық атудан спартакиада болып өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Асқаров, Отырар спорт клубының директоры Жұмабай Сәрсенбаев, «Ақсукент спорт клубы» КММ-нің директоры Қайрат Ерменбеков, «Ақсу жекпе-жек клубы» КММ-нің директоры Лапаев Рашид сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік жеңіс тіледі.
Жарыс тарсысты жақсы өтті. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталған, ұлттық ойынға 12 команда қатысты.
Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталған ойын, әсіресе, балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулитын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі «қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа қой» немесе «асығы алшысынан түсті», «бүге-шігесіне дейін анықтау» т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: «алтын асықтай» немесе «киіктің асығындай шымыр» деп атайтын үрдіс бар. Мұндай фразеологизмдер асықтың символдық мәніне қатысты қалыптасқаны анық.

Ойын нәтижесінде:

I орын – «Мақтарал спорт клубы»

II орын – «Келес спорт клубы»

III орын – «Жетісай спорт клубы»

Қыздар арасында бес асық атудан «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мейірбекесі
Қилыбайова Жансұлу керемет ойын көрсетіп жүлделі III орынға ие болды

Құттықтаймыз!!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған