«Бояулар құпиясы» байқауы

Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының аудандық іріктеу кезеңі Оқу-өндірістік комбинат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында өтті.
Байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру, жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу. Байқауға 10-17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Байқау «Менің елім – менің жерім», «Таланттар палитрасы» номинациялар бойынша офлайн форматта өткізілді. Үздік жұмысымен ерекшеленіп, І орын иелеген оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.

Олар: Ким Алина, №97 Сұраншы батыр атындағы жалпы орта мектептің оқушысы, Марат Аяулым №29 К.Тленшин атындағы жалпы орта мектеп оқушысы, Қадырбай Ұлдана №93 Абылайхан атындағы жалпы орта мектеп оқушысы, Мұсабек Назгүл №29 К.Тленшин атындағы жалпы орта мектеп оқушысы, Дүйсенбек Сымбат №29 К.Тленшин атындағы жалпы орта мектеп оқушысы және Асанбек
Асел №29 К.Тленшин атындағы жалпы орта мектеп оқушысы, Федюшина Анастасия «Оқу-өндірістік комбинаты» КММ, Буренина Дарья «Оқу-өндірістік комбинаты» КММ оқушылары.

Облыстық байқау қатысушыларына сәттілік тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған