ТАЛҒАТ АБЫЛАЙ КҮМІС АЛДЫ

Атырау қаласында 20-26 қараша күндері бокстан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті. Еліміздің барлық аймағынан сайдың тасындай іріктелген былғары қолғап шеберлері қатысқан жарыста үздіктер анықталды.

Бұл елішілік сайыста Түркістан облысының спортшылары жоғары дайындықпен келгендерін көрсетті. Тартысты бәсеке барысында ауданымыздағы «Ақсу Жекпе-жек» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шәкірті Талғат Абылай өз күшін сынады. Жарыс нәтижесінде қарсыласын тізе бүктіріп, 70 келі салмақ дәрежесінде бокстан ҚР чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Жас боксшыны шаршы алаңға шығарып, шеберлігін шыңдауда білікті бапкері Еркін Оразалиевтің еңбегін айрықша атап айтуымызға болады.

️ Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *