ҚОР ҚАМҚОРЛЫҒЫ

Головкиннің қолғабы мен Рыбакинаның тенис добы аукционға қойылады
Одан түскен қаражатты Assyltas қоғамдық қоры көмекке мұқтаж егіздердің еміне жұмсайды.

Головкиннің қолғабы мен Рыбакинаның тенис добы аукционға қойыладыФото: Assyltas қоғамдық қоры
Әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар қолғабы мен танымал қазақстандық спортшы Елена Рыбакинаның қолтаңбасы бар теннис добы қайырымдылық аукционына қойылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

«Assyltas» қоғамдық қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, GGG-дің 2017 жылы мексикалық Сауль Канело Альвареспен жұдырықтасқан қолғабы мен Рыбакинаның қолтаңбасы қойылған теннис добы және оның Қазақстан құрамасының олимпиадалық киімі аукционға шығарылады. Одан түскен қаражатты Assyltas қоғамдық қоры көмекке мұқтаж егіздердің еміне жұмсайды.

Аукцион 1 маусымда Алматыдағы HAS PRO BOXING бокс кеші өтетін ADD Arena кешенінде болады.

Турнирдің басты оқиғасы қазақстандық Мирас Ертанов пен WBC International бұрынғы чемпионы польшалық Виктор Коточигов арасындағы жекпе-жек болмақ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған