ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

2024 жылы 1-3 наурыз аралығында Шардара қаласында волейболдан 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012 жылдары туған жасөспірім қыздар арасында ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ өтті.
Дүбірлі додада Сайрам ауданы №1БЖСМ-ң құрама командасы 1- орыннан көрінді. Жүлделі орынға ие болған спортшыларымыз бен жаттықтырушымыз Раметов Бахрамды зор жетістіктерімен құттықтаймыз.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында баскетболдан U-12,U-14,U-16,U-18 ұлдар мен қыздар командалары арасында 3Х3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫСҚЫ ЧЕМПИОНАТЫ өтті.
Айтулы жарыста Сайрам ауданы №1БЖСМ-ң құрама командасы 2-3 – орындардан көрінді. Жүлделі орындарға ие болған спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыз Наримтаев Рустамжан, Османов Каримжан, Юлдашев Гуломжанды жетістіктерімен құттықтады.
«Сайрам аудандық №1БЖСМ-ақпарат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған