ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ – БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ

Өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
«Ассамблея еліміздегі келісім мен тұрақтылықтың қайталанбас үлгісін қалыптастырды. Ол Қазақстандағы барлық этностардың теңдігін қамтамасыз ететін бірегей қоғамдық платформа», — деді Мемлекет басшысы.
Президент өз сөзінде Ассамблеяның қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтудағы, этносаралық қарым-қатынасты дамытудағы және ұлттық бірлікті қалыптастырудағы тарихи миссиясына кеңінен тоқталды. Бұл пікір Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды институт екендігін тағы бір мәрте айқындады.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан көпэтносты мемлекет ретінде өзінің даму жолын айқындап, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты басты құндылықтардың бірі ретінде таңдады. Осы бағытта құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде елдегі бірлік пен ынтымақтың берік іргетасына айналды. Ұйым түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрін сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет етіп келеді.
Ассамблеяның құрылуы Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Егемендіктің алғашқы жылдарында ел алдында экономикалық және әлеуметтік мәселелермен қатар, этносаралық қатынастарды тиімді реттеу міндеті тұрды. Осы кезеңде қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және барлық этностардың мүдделерін ескеру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бүгінде бұл ұйым әлемдік деңгейде мойындалған бірегей институтқа айналып отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XXXIV сессия барысында Ассамблеяның қоғамдағы рөлі уақыт өткен сайын артып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің экономикалық даму мен саяси реформалардың табысты жүзеге асуына тікелей әсер ететінін айтты. Шынында да, еліміздегі бейбітшілік пен татулық – кез келген жетістіктің негізі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі тек этномәдени бірлестіктердің жұмысымен ғана шектелмейді. Ұйым жастар саясатын дамытуға, волонтерлік қозғалыстарды қолдауға, қайырымдылық шараларын өткізуге және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады. Ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешуге үлес қосып келеді.
Жастар тәрбиесі мәселесі де Ассамблея қызметінің маңызды бағыттарының бірі саналады. Бүгінгі жас ұрпаққа патриотизмді, жауапкершілікті және азаматтық белсенділікті қалыптастыру аса маңызды. Осы мақсатта жастар ұйымдары түрлі жобалар мен іс-шаралар ұйымдастырып, ел бірлігін нығайтуға өз үлестерін қосуда.
Мемлекет басшысы өз сөзінде «Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз» қағидатының маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл қағида Қазақстан қоғамының негізгі құндылықтарының біріне айналды. Әрбір азаматтың ұлтына, тіліне немесе діни сеніміне қарамастан тең мүмкіндіктерге ие болуы – еліміздің басты жетістіктерінің бірі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер арасындағы диалогты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Әр этностың мәдени мұрасын сақтау, тілін дамыту және дәстүрін дәріптеу бағытында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Этномәдени бірлестіктер ұйымдастыратын фестивальдер, концерттер мен көрмелер халықтар арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеді.
Қазіргі жаһандану жағдайында қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықтың маңызы арта түсуде. Әлемнің көптеген елдерінде этносаралық қақтығыстар орын алып жатқан кезеңде Қазақстанның тәжірибесі халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағалануда. Бұл – еліміздің сындарлы саясаты мен Ассамблея қызметінің нәтижесі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның болашақтағы міндеттеріне де тоқталды. Оның айтуынша, ұйым қоғамдық келісімді нығайту ісінде жаңа тәсілдерді енгізіп, заман талабына бейімделуі қажет. Әсіресе жастармен жұмыс, ақпараттық кеңістіктегі түсіндіру жұмыстары және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды күшейту маңызды.
Қоғамның өзгеріп жатқанын ескере отырып, Ассамблея қызметін жаңа мазмұнмен толықтыру қажет. Мемлекет басшысы 2026–2030 жылдарға арналған жаңа тұжырымдама дайындау жұмыстарын бастау туралы тапсырма берді.
Ассамблея – этносаралық саясаттағы стратегиялық штабқа айналуы керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ассамблеяның өңірлердегі қызметі де ерекше назар аударуға тұрарлық. Облыстар мен қалалардағы құрылымдар жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешуге, қоғамдық келісімді сақтауға және тұрғындар арасында өзара түсіністікті нығайтуға атсалысуда. Бұл жұмыстар елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.


Бұл бағытта Сайрам ауданында да Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі қағидаттары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулықты сақтау, жастар тәрбиесі мен азаматтық жауапкершілікті арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда.

Сайрам ауданы – көпэтносты өңірлердің бірі. Бүгінде аудан аумағында қырыққа жуық этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бірлік пен ынтымақты нығайтуға үлес қосуда. Аудандағы этномәдени бірлестіктер, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, медиация құрылымдары және жастар ұйымдары қоғамдық келісімді сақтауда белсенді қызмет атқарып келеді.
Осы бағыттағы жұмыстар жөнінде «Қоғамдық келісім» КММ Сайрам аудандық филиалының басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлымен сұхбаттасқан едік.
– Базарбай Мамадиярұлы, бүгінгі таңда Сайрам ауданында қоғамдық келісімді нығайту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Сайрам ауданы ежелден түрлі этнос өкілдері мекендеген, татулық пен сыйластықты басты құндылық ретінде қалыптастырған өңір. Біздің негізгі мақсатымыз – қоғамдық келісімді сақтау, этносаралық қатынастарды нығайту және жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Жыл басынан бері аудан көлемінде ақпараттық-түсіндіру кездесулері, дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары, жастармен кездесулер, еңбек ұжымдарымен жиындар өткізілді. Мемлекет басшысының бастамалары, қоғамдық реформалар, заң мен тәртіп қағидаты, ұлттық бірлік мәселелері кеңінен түсіндірілуде.
– Биылғы жұмыстардың ішінде ерекше атап өтер бағыттар қандай?
– Биыл жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары, «Адал азамат» жобасы, жастар тәрбиесі, құқықтық мәдениетті арттыру және отбасылық құндылықтарды насихаттау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар «Бірлігіміз – әралуандықта» жобасы аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған кездесулер ұйымдастырылды.
«Достық үйі» бүгінде аудан тұрғындарын біріктіретін маңызды орталыққа айналып отыр. Мұнда этномәдени бірлестіктер, жастар, ақсақалдар мен қоғам белсенділері тұрақты түрде бас қосып, өзекті мәселелерді талқылайды.
– Жастармен жұмыс бағытында қандай жобалар жүзеге асырылуда?
– Бүгінгі таңда жастар тәрбиесі – біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Жастар арасында патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түрлі кездесулер мен семинарлар өткізілуде.
Мектептер мен колледждерде құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі, буллингпен күрес, нашақорлықтың және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Біз жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және оларды қоғамдық жұмыстарға тартуға ерекше назар аударамыз.
– Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің рөлі қандай?
– Бұл қоғамдық құрылымдардың қоғамдағы орны ерекше. Ақсақалдар кеңесі жастарға бағыт-бағдар беріп, ұлттық тәрбиені насихаттайды. Аналар кеңесі отбасы құндылықтарын дәріптеу, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және жас отбасыларға қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргізеді.
Ұрпақтар сабақтастығын нығайтуда олардың тәжірибесі мен өмірлік ұстанымдарының маңызы өте зор.
– Қайырымдылық және әлеуметтік қолдау жұмыстары жүргізіле ме?
– Әрине. Қайырымдылық – Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі бағыттарының бірі. Ауданда әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған тұрғындарға қолдау көрсету жұмыстары жүргізіледі.
Қоғам белсенділері, кәсіпкерлер және еріктілермен бірлескен қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіледі. Бұл жұмыстар қоғамдағы өзара жанашырлық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
– Қазіргі таңда ақпараттық кеңістіктегі жұмыс қаншалықты маңызды?
– Бүгінгі ақпарат ғасырында түсіндіру жұмыстарының маңызы өте жоғары. Әлеуметтік желілер, интернет ресурстары мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға мемлекеттік саясат, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік мәселелері тұрақты түрде түсіндіріліп келеді.
Жалған ақпараттың алдын алу, жастардың медиасауаттылығын арттыру және қоғамда дұрыс ақпараттық орта қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
– Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлердегі жұмысының маңызы қандай?
– Мемлекет басшысы атап өткендей, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік – еліміздің басты байлығы. Ассамблеяның өңірлердегі жұмысы осы құндылықтарды күнделікті өмірде нығайтуға бағытталған.
Біз тұрғындармен тікелей жұмыс істеп, жастар тәрбиесіне, отбасы институтын қолдауға, этносаралық татулықты сақтауға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге басымдық береміз. Басты мақсатымыз – әрбір азаматтың өзін Қазақстанның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жағдай жасау.
Сайрамдағы этносаралық келісімнің нақты көрсеткіштері мынадай:
Сайрам ауданы бүгінде еліміздегі көпэтносты өңірлердің бірі саналады. Аудан аумағында 11 ауылдық округ пен 42 елді мекен орналасқан. Жалпы халық саны 241 мыңнан асады. Ауданда 39 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Этнодемографиялық құрамға сәйкес аудан тұрғындарының 25,1 пайызын қазақтар, 68,3 пайызын өзбек этносының өкілдері құрайды. Сонымен қатар орыстар, түріктер, әзірбайжандар, күрдтер, татарлар, кәрістер, немістер және басқа да этностар бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді.
Бүгінде ауданда 8 этномәдени бірлестік жұмыс атқарады. Олардың қатарында өзбек, түрік, славян, кәріс, неміс, татар-башқұрт, күрді және әзірбайжан этномәдени бірлестіктері бар. Бұл ұйымдар ұлттық мәдениетті сақтау, салт-дәстүрді дәріптеу және этносаралық келісімді нығайту бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде.
Ақсақалдар кеңесінің құрамында 37 мүше қызмет атқарса, Аналар кеңесіне 33 азамат мүше. Сонымен қатар аудандық медиация кеңесі құрамында 3 кәсіби және 22 қоғамдық медиатор жұмыс істейді.
Жыл басынан бері ақпараттық-насихаттық топтар ауылдық округтерде кездесулер өткізіп, қоғамдық келісім, мемлекеттік этносаясат, заң мен тәртіп және ұлттық бірлік мәселелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлығы 51 іс-шара ұйымдастырылып, оған 3100-ден астам тұрғын қатысты.

________________________________________
Қоғамдық жобалар жүйелі жүзеге асуда
Сайрам ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық жобалары да белсенді іске асырылуда. «Жомарт жан», «Салауатты сана», «Адал азамат», «Тамырлас», «Бірлігіміз – әралуандықта», «Елдесу және татуласу», «Жаңа толқын» және басқа да жобалар аясында ондаған іс-шара өткізілді.
Жыл басынан бері аталған жобалар аясында 80-нен астам іс-шара ұйымдастырылып, 4300-ден астам адам қамтылды.
Жастар бағыты да ерекше назарда. Аудандағы жастар саны 78 мыңнан асады. «Ассамблея жастары» ұйымының аудандық өкілдігінде 17 белсенді жас жұмыс істейді. Сонымен қатар Д.Қонаев атындағы агротехникалық және Е.Сарманов атындағы агроэкономикалық колледждерінде Студенттік Ассамблеялар құрылған.
________________________________________
Қайырымдылық пен медиация – татулықтың кепілі
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» және басқа да жобалары аясында қайырымдылық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Алғыс айту күні, Рамазан айы және Наурызнама аясында өткізілген акциялар барысында 127 азаматқа 2 миллион 300 мың теңгеден астам көмек көрсетілді.
Ауданда қоғамдық тұрақтылықты сақтау мақсатында медиация институты тиімді жұмыс жүргізуде. Тұрмыстық сипаттағы келіспеушіліктер мен дауларды шешуде медиаторлардың еңбегі маңызды рөл атқарады.
Соңғы жылдары этнос өкілдерінің қатысуымен тіркелген құқықбұзушылықтар санының азаюы да осы жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Егер 2022 жылы 25 жағдай тіркелсе, 2023 жылы – 26, 2024 жылы – 20, 2025 жылы – 17 болса, 2026 жылдың алғашқы алты айында мұндай 5 жағдай ғана тіркелген.
Мамандардың айтуынша, аталған оқиғалардың басым бөлігі тұрмыстық сипатта болған. Олар жол-көлік оқиғалары, тұрмыстық жанжалдар, қызмет көрсету орындарындағы келіспеушіліктер және басқа да әлеуметтік мәселелерге байланысты орын алған.
Жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау құрылымдарының, медиаторлардың және қоғамдық институттардың бірлескен жұмысының нәтижесінде барлық мәселелер өз уақытында шешіліп, қоғамдық тұрақтылықтың сақталуына мүмкіндік жасалды.
– Алдағы жоспарларыңыз қандай?
– Алдағы уақытта жастармен жұмысты күшейту, этносаралық келісімді нығайту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейту және қоғамдық ұйымдармен байланысты арттыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар цифрлық форматтағы жобаларды дамыту, жастарды волонтерлік қызметке тарту, отбасылық құндылықтарды насихаттау және тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеру бағытындағы жұмыстар жалғасады.
– Әңгімеңізге рақмет!
– Бірлік пен татулық – еліміздің ең үлкен байлығы. Қазақстан халқы Ассамблеясының басты мақсаты да осы құндылықтарды сақтау мен нығайту болып табылады. Сайрам ауданында қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Сайрам ауданында атқарылып жатқан жұмыстар Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттерімен толық үндеседі. Қоғамдық келісімді сақтау, ұлттық бірлікті нығайту, жастарды тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілікті арттыру бағытындағы іс-шаралар аудан тұрғындарының белсенді қатысуымен жүзеге асырылуда.
Осылайша, Мемлекет басшысы атап өткен Ассамблеяның тарихи миссиясы өңірлерде нақты істер арқылы жалғасып келеді. Сайрам ауданындағы қоғамдық келісім мен татулықты сақтау бағытындағы жұмыстар соның жарқын көрінісі деуге толық негіз бар.
Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалог алаңына айналды. Ұйым түрлі әлеуметтік топтардың пікірлерін біріктіріп, ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Мемлекет басшысы атап өткендей, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік – еліміздің ең басты байлығы. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен табыстары осы құндылықтардың арқасында жүзеге асып келеді. Сондықтан Ассамблея қызметін жетілдіру және оның әлеуетін арттыру мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы ұйымның қоғамдағы рөлін тағы бір мәрте айқындап берді. Президенттің айтқан бастамалары мен ұсыныстары алдағы кезеңде Ассамблея жұмысының жаңа бағыттарын белгілейді. Ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту жолындағы жұмыстар жалғаса береді.
Қазіргі жаһандану кезеңінде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты сақтау мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде орын алып жатқан түрлі қақтығыстар мен келіспеушіліктер қоғамдағы тұрақтылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның бейбітшілік пен келісімге негізделген тәжірибесі халықаралық деңгейде жоғары бағалануда.
Сайрам ауданында жүргізіліп жатқан жұмыстар да осы саясаттың нақты көрінісі болып табылады. Аудан тұрғындары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту, жастардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, мемлекеттік тілді дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы іс-шаралар қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары және қоғам белсенділері аудандағы тұрақтылықты сақтауға өз үлестерін қосып келеді. Олардың ұйымдастыруымен өткізілетін кездесулер, тәрбиелік шаралар, мәдени іс-шаралар мен қайырымдылық акциялары қоғамдағы ынтымақты арттыруға мүмкіндік береді.
Жастар тәрбиесі мәселесі де ерекше назарда. Өйткені елдің болашағы білімді, отансүйгіш әрі жауапты жастардың қолында. Осы бағытта өткізіліп жатқан кездесулер мен жобалар жас буынның азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасауда.
Қорытындылай келе, Қазақстан халқы Ассамблеясы – тәуелсіз Қазақстанның маңызды жетістіктерінің бірі. Ол қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп, этносаралық келісімді нығайтып, азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға зор үлес қосып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ұйымның ел дамуына қосқан үлесі орасан зор.
Сондықтан Ассамблея алдағы уақытта да Қазақстанның өркендеуі мен бірлігін нығайту жолындағы маңызды миссиясын жалғастыра береді. Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Ал бұл бағыттағы жұмыстар елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының кепілі болып қала береді.

Нұрғиса ТӨРЕМҰРАТОВ, Ақсукент ауылы.

Суреттер әлеуметтік желіден алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *