МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

    Мерекелік шараға аудандық және ауылдық мәдениет қызметкерлері мен аудан халқы қатысты.

  Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәди Абайұлы аудан тұрғындарын өнермен сусындатып, түрлі деңгейдегі мәдени шараларды ұйымдастыруда кешенді қызмет атқарып  келе жатқан мәдениет саласының майталмандарын атаулы мерекемен құттықтап, сала үздіктеріне арнайы алғыс хаттар мен марапаттарды табыс етті.

Атап өтсек

     Еліміздің мәдениетін өркендету жолында ұзақ жылдар бойы қосқан үлесі үшін «Ақсу ұлттық аспаптар ансамбілінің» көркемдік жетекшісі Серикбаева Жанат және «Ғұнча халықтық ансамблінің» әншісі Тойметова Фарида «Бейбітшілік Әлемі» ХҚТБ Президенті,Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, а.ғ.д. профессор, академик А.А.Нұрмановтың арнайы дипломымен қоса «МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ» медалімен марапатталды.

    Ауданымыздың  өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың мерейін көтеріп жүрген «Халық шығармашылығын дамыту» бөлімінің басшысы Тукенова Г.С

    «Мәдени тынығу және бос уақытты ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Саурова Н.,«Ақсу ұлт аспаптар ансамблі», «Ғұнча халықтық ансамблі», «Ақсу әуендері вокалды инструментальды ансамблі»,«Музыка» бөлімі, «Көркемсурет» бөлімі, аудандық мәдениет үйі директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Қадырбаев Қ.Е аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Хасановтың алғыс хатымен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған