Жастар арасында «Ой бәйге» атты Түркістан облысының құрылғанынан 5 жыл толуына орай облыстық интелектуалды ойын бастау алды.
Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен, «Рухани төрім-Түркістан» атты бастама аясында Бәйдібек аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Ой бәйге» атты интелектуалды ойыны өтті.
Шараның негізгі мақсаты — жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін қолдап, білімге деген құштарлығын арттыру және қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен тарихын зерттеу арқылы жастар арасында кеңінен насихаттау.
«Ой бәйге» атты интелектуалды сайысқа аудан, қаладан 12 команда қатысты. Ойын барысында Салт дәстүрлер, қазақ тарихы, Түркістан облысының тарихы, мақал-мәтелдер, логикалық сұрақтар қойылды.
Интелектулды ойынның қорытындысы брйынша бас жүлде “Шардара ауданы” командасы қанжығалады. Ал, І орын “Сайрам” ауданының командасына, ІІ орын “Түркістан” облысы командасына бұйырса, ІІІ орынға “Төле би” ауданы мен “Ордабасы” ауданының командалары тұрақтады.
Сондай-ақ, «Ең үздік киім» аталымы бойынша “Отырар” ауданы командасы
марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Ойын жеңіл форматта, өте жоғары деңгейде өтті. Көрерменге керемет қуаныш сыйлады.