Тартысты турнир

Манкент ауылдық округінде Сайрам ауданының 95 жылдығына орай футболдан ауыл біріншілігі өтті. Бір айға жуық уақыт жалғасын тапқан турнирге жалпы 13 команда қатысып,соның ішінде көрші ауылдардан (Ақсукент, Көлкент)командалары да белсенділік танытты.

Турнирге 200-ден астам ойыншы қатысты.
Турнирдің финалдық ойынына Сайрам ауданының спортшылары шақырылды, олардың арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Паролимпиада ойындарының қатысушысы Тоймұрат Ешімов, ауыл әкімі А.Сайтмуратов және ауыл белсенділері қатысты. Демеушілік ауыл кәсіпкерлері тарапынан ұйымдастырлып, турнирдің жалпы жүлде қоры 300 000 мың теңгені құрады. Жарыста топ жарған командаларға бағалы сыйлықтар мен ауыл әкімінің кубогі табысталды. Сонымен қатар
түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып, мадақтамалармен марапатталды.


Ауылдық округ бойынша ұйымдастырылып отырған бұл спорттық сайыстардың басты мақсаты жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сонымен қатар алдағы уақытта ауылда көптеген түрлі спорттық іс -шаралар өткізу жоспарлануда.

Ә.Төлегенов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған