РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ағымдағы жылдың 6 қазанында АЭС салу жөніндегі референдум өтеді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты. Мемлекет басшысының бұл бастамасы шын мәнінде Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор.

Осы орайда, бүгін Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжінде жастармен кездесу өтіп, онда референдумның өту мақсаты мен маңыздылығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге «Ядролық полигондың ардагерлері» қоғамдық бірлестігі төрағасы Ирисметов Махамеджан, «Ауыл» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы Жайлаубеков Есіркеп, аудандық мәслихат депутаты Асанали Керимов және Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Әділхан Төлегенов қатысып, ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ, кездесу барысында энергия тапшылығын азайтуда атом электр станциясының маңыздылығы туралы сөз қозғалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *