ЖҰМАНТАЕВАҒА ЕШКІМ ЖЕТКЕН ЖОҚ

СҮЙІНШІ!!!
ВОЛЕЙБОЛДАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ӨТКЕН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТА СПОРТШЫМЫЗ «ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» АТАНДЫ.

Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының құрылуына 6 жыл толуына орай волейболдан қыздар арасында Түркістан облысының VI спартакиадасы болып өтті. Түркістан шаһарындағы «Бекзат Саттарханов» атындағы спорт кешенінде өткен байрақты бәсекеге Шардара, Келес, Бәйдібек, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Түркістан, Отырар, Мақтаарал және Жетісай аудандарынан келген 10 командада 100-ге тарта спортшы өзара мықтыны анықтады.
Додалы жарысқа Сайрам құрама командасы сапында «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5 спортшысы қатысты. Олар: Қадиржанова Гулбахор, Юлдашева Севинч, Жумантаева Махлиё, Ирсалиева Мухлиса, Халматова Диана. Сондай-ақ өзінің шапшаңдығы және ептілігімен көзге түскен Махми Жұмантаева жерлесіміз спартакиаданың «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Дарынды спортшыларымыздың бапкері —
Насритдинов Неъматжон.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға Сайрам ауданының құрамасы табан тіресе, ІІ орын Жетісай ауданының бұрымдыларына бұйырды. Ал, жүлделі І орынды Шардара ауданының құрамасы алып, чемпион атанды.
Мерейлі орындарға ие болған командалар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен жекелеген ойыншылар бағалы сыйлықтарымен және арнайы дипломдарымен марапатталды.

Волейбол — бұл командалық спорт түрі, онда екі команда допты тор арқылы бір-біріне ұрып, қарсыластың алаңына түсіруге тырысады. Әр командада әдетте 6 ойыншы болады. Ойынның мақсаты — қарсылас команданың қателіктерін пайдаланып, ұпай жинау және ойында жеңіске жету.

Волейбол ойыны 1895 жылы АҚШ-та Уильям Джордж Морганның бастамасымен пайда болды. Бастапқыда бұл ойын «минтонет» деп аталған, бірақ кейіннен «волейбол» деп өзгертілді, өйткені ойыншылар допты тор арқылы серпілу арқылы ойнайды.

Волейболдың әр түрлі нұсқалары бар, соның ішінде классикалық залдық волейбол және жағажай волейболы. Жағажай волейболында әр командада 2 ойыншыдан ғана ойнайды және ойын құмда өтеді.

Ойынның ережелері бойынша команда допты үш реттен артық ұра алмайды және әр ойыншы допқа тек бір рет қана қол тигізе алады. Ойын бірнеше партиядан тұрады, әдетте 3 немесе 5 партиядан, ал әр партия 25 ұпайға дейін ойналады. Егер есеп 24:24 болса, командалар екі ұпай айырмашылықпен жеңіске жеткенше ойнай береді.

Волейбол физикалық дайындықты, реакция жылдамдығын, командамен жұмыс істеу қабілетін дамытады және әлемде танымал спорт түрлерінің бірі болып табылады.
Нұртілек Тұрдымұратов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *