22 C
Almaty
Сәрсенбі, Мамыр 31, 2023

Сурет салу байқауы өтті

Уақыты:

Сурет салу байқауы өтті

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Сондықтан жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, мәдени-эстетикалық сезімін дамыту, оны рухани ұстамына айналдыру басты мақсаттардың бірі.
Осы мақсатта ауданымызда Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйытқы болуымен, Сайрам ауданы “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен «ҚР мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы» аясында жастар арасында сурет салу байқауы өтті.
Байқауға 15-тен астам жас қатысып, өз бақтарын сынада. Нәтижесінде
3-орын Мырзакаримова Динараға, 2-орын Абдукаримова Динараға бұйырса, 1-орынды Марат Ажар қанжығалады.
Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.

Latest stories

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here