Сайрам ауданында көктемгі дала жұмыстары жоспарлы түрде әрі қарқынды жүргізілуде. Аудан аумағында жалпы көлемі 52 мың гектардан астам егістік алқаптары бар. Оның ішінде 28 мың гектар жерге көктемгі дақылдар егу көзделген.
Ауыл шаруашылығы науқанын сапалы әрі уақытылы жүргізу мақсатында қажетті техникалар толықтай жұмылдырылған. Бүгінде ауданда 2 мыңға жуық түрлі ауыл шаруашылығы техникалары бар болса, олардың дала жұмыстарына дайындығы 96 пайызды құрап отыр.
Бұл өз кезегінде көктемгі егіс науқанын жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.
Тоғжан Бауыржанқызы.