ЕЛЕУЛІ АЗАМАТТАР ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ

Сайрам ауданында ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек еткен азаматтарды құрметпен зейнеткерлік демалысқа шығарып салу рәсімі өтті.

Салтанатты жиында аудан әкімі Мадияр Мұхтарұлы мемлекеттік қызмет саласында ел мүддесі жолында аянбай еңбек еткен азаматтардың кәсіби жолына жоғары баға беріп, шынайы алғысын білдірді.

Зейнеткерлік демалысқа Құтарыс ауылдық округі әкімінің орынбасары Туледияров Мұхтар Сапарұлы мен Қарасу округі әкімінің орынбасары Мұсантаев Еркін Асанбекұлы шықты. Олар саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнап, көп жылғы тәжірибесімен, жауапкершілігімен және халықпен етене жұмыс істеуімен әріптестері арасында құрметке ие болған білікті мамандар ретінде танылды.

Мұхтар Сапарұлы 40 жылға жуық еңбек жолында білім саласында, туризм және спорт бағытында, сондай-ақ, бірқатар ауылдық округтерде жауапты қызметтер атқарып, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен орындады.

Ал Еркін Асанбекұлы 30 жылға жуық уақыт мемлекеттік қызметте табанды еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосты. Ол аудан әкімі аппаратында ұйымдастыру-кадрлық салада нәтижелі қызмет атқарып, мол тәжірибесі мен іскерлігін көрсете білді.

Іс-шара барысында зейнеткерлерге құрмет көрсетіліп, естелік сый-сияпаттар табысталды.

Ә. МАРАТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *