«Ғұнча» ансамблі 1973 жылы Сайрам ауылы әкімшілігінің бұрынғы Ленин атындағы колхоз жанындағы мәдениет үйінде көркемөнерпаздар үйірмесі болып ашылған. Бұл үйірмеге ауылдағы барлық өнерпаздар атсалысты. Үйірме тобы өздерінің концерттік бағдарламаларын алғашқы рет ауыл еңбеккерлеріне және мектеп оқушыларына көрсеткен. Ол да бір тамаша тарих.
1975 жылы 14-інші тамыз күні үйірме «Ғұнча» деген атқа ие болып «Халықтық» ұжым есебіне қосылды. Аудандық қаржы бөлімінен 3 штат бірлігі берілді. Оған көркемдік жетекші болып Шарипа Мылтықбаева, музыка жетекшісі Толқын Хасанов, сүйемелдеуші Нарбүбі Әбдікәрімова жұмысқа қабылданды. Осы жылдардан бастап ансамбль облысымыздың барлық аудан, қалаларында 10 күндіктерін өткізіп, халыққа мәдени іс-шара көрсете бастады. Жылдан жылға бағдарламаларын байытып халық игілігіне атқарып жатқан еңбектері ұшаң-теңіз.
1979 жылы Алматы қаласындағы Горький атындағы саябақта халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде (ВДНХ) көрмесінде үлкен концерттік бағдарлама берді. Осы іс-сапарда ансамбльдің жетекшілері лауреат атағына ие болып қайтты. Ансамбль өз деңгейін жоғары көтеріп ауыл тұрғындарынан бастап, көптеген елдерде болып үлкен концерттер беріп елге танылды.
«Ғұнча» 1989 жылы «Алматы» телеарнасында бейнетаспаға түсірілді.1992 жылы Жамбыл облысында өткен Төле бидің мерейтойына өз үлестерін қосты. Осы жылы Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 1 жыл толуына орай өткізілген үлкен тойдың форумына қатысты.
1998 жылы Алматы қаласында өткен «Қарқара – 98» жәрмеңкесіне қатысып, жоғары дәрежеде өнер көрсетті.
2000 жылы «Мәдениетті қолдау» жылында өз еңбектерін көрсете білгені үшін «Ғұнча» халықтық ансамблі облыс әкімінің «Ең үздік көркемөнерпаз ұжымы» деген үлкен атаққа ие болды. Қазіргі таңда ансамбльдің құрамында 9 адам бар. Би тобының құрамы 20 биші. Жыл сайын бағдарлама жаңалауда өзіндік шығармашылық ерекшеліктерімен айқындалып жүрген бұл ұжымның әртүрлі дәрежеде алған мақтау қағаздары, алғыс хаттары шексіз.
2007 жылға дейін «Ғұнча» халықтық ансамблінің көркемдік жетекшісі Ханходжаев Абубакир – Н.Ә.Назарбаевтың арнайы жазылған Алғыс хатының иегері.
2008 жылы «Ғұнча» халықтық ансамблінің «Ұстаз – шәкіртке» атты шығармашылық кеш өтті. Бұл кеште ансамбльдің жетекшісі Абубакир Ханхождаев «Ғұнча» халықтық ансамблінің жетекшілігін Мирабдимажид Мирхашимовқа тапсырды. Бүгінгі таңда яғни 2008 жылдан бастап ансамблдің көркемдік жетекшісі болып Мирхашимов Мирабдимажид тағайындалды. 2008 жылдан бері Мирабдумажит жетекшілік ете бастаған Ұжым өнердегі қолтаңбасын жоғалтпастан, керісінше жаңа жетістіктерге қол жеткізе бастады. Атап айтқанда:
2008 жылы Қызылорда қаласында өткен «Сырдария – достық арнасы» атты өнер фестиваліне қатысып – Бас жүлдені жеңіп алды.
2008 жылы Астана қаласында өткен «ҚР Тіл мерекесіне» арналған мерекелік іс – шараға ОҚО «Өзбек ұлттық этно- мәдени орталығының» атынан қатысты. Және де 2008 жылы Павлодар қаласында президент Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Достық үйінің» ашылуына қатысты. 2009 жылы 2008 жылдың қорытындысы бойынша ОҚО әкімінің арнайы Алғыс хатымен және «Ең үздік көркемөнерпаз ұжымы» номинациясымен марапатталды. 2009 жылы Көкшетау қаласында Өзбек мәдени орталығының ашылуына және Наурыз мерекесіне қатысып келді. 2011жылы Шымкент қаласында өткен «Ғасырлар үні» өнер байқауына қатысып, Гран При иегері атанды. 2012 жылы Астана қаласында өткен Халықаралық Ассамблеясында ОҚО делегациясының мүшесі болып «Ғұнча» халықтық ансамблінің жетекшісі Мирхашимов Мирабдумажит Миркадирович қатысты. 2012 жылы «Ғұнча» халық ансамблі Қызылорда қаласында гастрөлдік сапармен барып концерт қойып келді. 2015 жылы 21-22 наурыз күндері Көкшетау қаласына гастрөлдік сапармен барып, Ақмола облысы әкімі мен Көкшетау қаласының өзбек мәдени орталығың Алғыс хаттарымен марапатталды. Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек этно-мәдени орталығының барлық мерекелік мәдени іс- шараларына толық қатысуда. 2015 жылы қараша айының 21 күні «Ғұнча» халықтық ансамблі облыстық өзбек драма театрында 40 жылдық шығармашылық кешті үлкен көлемде өткізді. Шығармашылық кешке Өзбекстан Республикасынан және облыс орталығынан арнайы қонақтар щақырылды. Одан бөлек, ансамбльдің жетекшісі Мирхашимов Мирабдимажит 2016 жылы Астана қаласында өткен «Менің отбасым» атты республикалық фестивальге қатысып, сол жерде бұрынғы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолынан «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды. Осы жылы Астанада өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесіне ансамбль толық құрамда қатысты. 2017 жылы Астана қаласында «ЭКСПО – 2017» аясында өткізілген ОҚО ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мен Астана қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің 10 жылдық мерейтойына қатысты. Сайрам ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік іс- шарада «Сайрам ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2018 жылы облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік іс- шарада және 2019 жылы аудандық мәдениет бөлімінің демеушілігімен Көкшетау қаласында өткен ҚР Ассамблеясының 24 жылдығы аясында өткізілген іс- шараға Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясының қатарында барып, ерекше өнерлерімен тәнті етті. 2019 жылы Алматы қаласында өткен «Алтын күз – 2019» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде Түркістан облысының апталығы өтіп, «Ғұнча» халық ансамблі 3 күн көлемінде өнер көрсетті. Ансамбль әр 3 жыл сайын облыстық деңгейде Халықтық атақты қорғап отырады. 2020 жылы ковид кесірінен карантин режимі жарияланған мезгілде Сайрам аудандық мәдениет бөлімінің жоспарына сәйкес барлық іс- шараларда онлайн режимде белсенді қатысып отырды. Әр жыл сайын аудан басшыларының қатысуымен есеп беру концертін өткізіп отырады. 2021 жылы ХАЛЫҚТЫҚ атағын қорғап, 2022 жылдың есеп беру концертін аса жоғары деңгейде өткізді.
Біз қашанда шежірелі, талантты өкілдері бар «Ғұнча» халықтық ансамблін қолдап, қуаттай береміз, – дейді Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нұрлыбаев.
Н.Төремұратов.