ҚАЛАМЫ СЫРЛЫ ҚАЛАМГЕР

 

Бүгін Сайрам ауданы «Достық үйінде» «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы және Ақсукент-2 ауыл кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мейірім мен ізгіліктің нұрын шашып, көп жылдарын ұрпақ тәрбиесімен айналысқан, парасаттылық қасиетімен көпшілік құрметіне бөленген ақын Байназаров Әлібек Ыбырайымұлымен «Қаламы сырлы қаламгер» атты әдеби кеші өтті.
Тағылымды шараның басты мақсаты – ұлт руханиятының дамуына үлес қосқан өлке қаламгерінің шығармашылығын насихаттау, кітап арқылы достық пен ынтымақты дәріптеу.
Кездесу кешінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Базарбай Айтбаев, ауданның құрметті азаматы, ақын Нұрғиса Төремұратов, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Қабылбеков, ақын, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Зияда Исатайқызы, «Халықаралық қазақ тілі қоғамының» аудандық төрағасы Мұрат Есалиев, аудандық аналар кеңесінің мүшелері А.Исмаилов және Е.Сарманов атындағы колледждердің белсенді студенттері қатысты.
Шара барысында ауданның зиялы қауым өкілдері мен әдебиет жанашырлары жүрекжарды тілектерін арнап, жыр шумақтарын оқыды.
Сонымен қатар, SAQ.DOMBYRA үйірмесінің оқушылары мен №1 Саз мектебінің бишілері өнер көрсетіп, кітапхана оқырмандары ақынның әсерлі өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Кеш соңында ақын Әлібек Ыбырайымұлы көпшілікке алғысын білдіріп, ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *