ТІЛДІҢ ҰЛТ БОЛАШАҒЫНДАҒЫ РӨЛІ

Әскери бөлімде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ тілін кеңінен насихаттау және әскери қызметшілердің тіл мәдениетін арттыру мақсатында «Тілдің ұлт болашағындағы рөлі» тақырыбында тағылымды сабақ ұйымдастырылды.

Сабақты ақын, ұстаз, «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының мүшесі, «Ардагерлер серіктестігінің» мүшесі, Түркістан қаласының құрметті азаматшасы Айгерім Жұмабаева жүргізді.

Тақырыптық сабақ танымдық-пікір алмасу форматында өтіп, сабақ барысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны, ұлттық құндылықтарды сақтаудағы маңызы және жас ұрпақтың болашағындағы рөлі кеңінен сөз болды.

Айгерім Жұмабаева қазақ тілінің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттың рухани мұрасы, тарихы мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін баға жетпес құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар, әскери қызметшілерге мемлекеттік тілді құрметтеу, күнделікті қызмет барысында қазақ тілін қолдану және тіл мәдениетін қалыптастыру жөнінде тағылымды ойларын ортаға салды.

Сабақ барысында қатысушылар өз ойларын білдіріп, тілдің ел бірлігі мен ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызы жөнінде пікір алмасты.

Іс-шара соңында әскери қызметшілер мемлекеттік тілге деген құрметтің әр азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігімен сабақтас екенін атап өтіп, қазақ тілін дамытуға өз үлестерін қосуға ниет білдірді.

Мемлекеттік тіл – ұлттың рухы, елдің тұтастығы мен болашағының берік негізі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *