Дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы

Бәрімізге белгілі, спорт адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанда ғұмыр ғажайыбына айналады. Білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы. Сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударған еді.
Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын.
Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қаулысымен бекітілгені мәлім. Осы жоспарға сәйкес, мемлекет-жекешелік әріптестігі аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді.
Осыған орай аудандық спорттың жай-күйін биылғы жылдың 7 айында атқарған жұмыстары туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан АСҚАРОВТАН сұрадық. Арнайы маман берген мәліметтерді ықшамдап, сайт оқырмандарына ұсынуды жөн көрдік.
Бүгінде ауданда 9 коммуналдық мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі тіркеліп, аталған спорт мекемелерде 18 спорт түрі 11 ауылдық округті қамтып, 369 оқу тобымен 4972 спортшы мен 176 жаттықтырушы жұмыс істейді. Оның ішінде бөлімге қарасты 2 «Ақсу жекпе-жек», «Ақсу» спорт клубы коммуналдық мемлекеттік меншікте, Түркістан облысы дене шынықтыру басқармасына қарасты 3 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және 4 мемлекеттік-жекешелік әріптестігі бағытында (Балалар мен жасөспірімдер спорт клуб – мектептері) қызмет атқарады.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2023 жылдың 7 айында бөлім, спорт мекемелері және демеушілер тарапынан ауданда 99 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 9396 адам қатысты. Оның 3-еуі республикалық деңгейде, 8-і облыстық деңгейде және 88-і аудандық деңгейде өтті.
Ауданда жастар мен жасөспірімдер арасында 2 Қазақстан Республикасының спорт шебері Талдықорған қаласында өткен еркін күрестен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында Иманғали Қалдыбек жеңімпаз атанып, Иорданияда өткен Азия чемпионатында жүлделі үшінші орынға ие болды. Бокстан Талғат Абылай Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңімпаз атанып, Азия ойындарына дайындалып жатыр.
4 спорт шеберіне үміткер, 1-ші санатты 18, 313 бұқаралық разрядты спортшы дайындалды. Сондай-ақ, аудан спортшылары ақпан айында волейболдан 2010-2012 жылдары туған жасөспірімдер командасы облыс чемпионатында І орынды, 2004-2005 жылдары туған жасөспірім қыздар командасы Қазақстан Рес-
публикасының чемпионатында жүлделі ІІІ орынды иеленді. Наурыз-мау-сым айларында еркін және грек-рим күресі, бокс шеберлері, футбол, баскетбол командалары жүлделі орындарға ие болды, жалпы республикалық және облыстық жарыстарда спорт түрлері бойынша 11 алтын, 18 күміс, 26 қола медалін жеңіп алды.
Бұқаралық спортты дамытудың индикаторлық көрсеткіші бойынша денешынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындар саны 95489 адам (аудандық спорт мекемелерінде және мемлекеттік-жекешелік әріптестігі бағытындағы спорт клуб-мектептерде 6653, білім беретін мекемелердегі сабақтан тыс спорттық үйірмелерде 25773 оқушы, колледждерде 2018 студент, жекеменшік спорт, фитнес клубтарында 728, сондай-ақ ауданымыздағы барлық елді мекендердегі спорт нысандарында, мекемелерден (оның ішінде кәсіпорын, ұйымдар, органдар, білім беретін мекемелер т.б) 60317 адам) 232889 халық санынан 41,0%-ға жетіп отыр, жыл соңына дейін Ақсукент (Жонарық), Ақбұлақ, Құтарыс ауылдарында спорт залдардың қосылуына байланысты 42%-ға жеткізу жоспарлануда (2022 жылдың қорытындысы-мен 38,9%-ға жеткен).
Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі бойынша: білім беру мекемелеріндегі спорт залдарын қоспағанда, денешынықтыру мәніндегі спорт залдар саны 40 / 10477 шаршы метр, бассейн 2/450 шаршы метр, бұл көрсеткіш 31%-ға жетіп отыр.
2023 жылдың мамыр айында Құтарыс ауылына жеке кәсіпкер Роман Ниязалиевтің тарапынан «Өзен» спорт кешені пайдалануға берілді. Сондай-ақ, тамыз-қыркүйек айларында Манкент ауылында жеке кәсіпкер Мусрат Абдукадировтың тарапынан спорт кешенін пайдалануға беру жос-парланып отыр.
Ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтар 10600-ге жуық болса, оның ішінде спорт және дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндігі бар 566 адам бар. Сондай-ақ, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 148, бұл спорт және дене шынықтырумен айналысуға қарсы көр-сетілімі жоқ мүмкіндігі шектеулілердің саны 5,3% құрайды.
Жастарды спортпен қамту (14-18 жас) Спорт нысандарында
жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін спортқа 14-18 жас аралығындағы 1451 жас тартылды.» 2, 3-разрядты спортшы, 1, 2, 3 — жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметтері бар.
Соңғы 7 айда спорт саласына қатысты 55 өтініш түскен және мерзімінде орындалған.
Спорт нысандары туралы айтар болсақ, ауданда 407 спорт нысаны тіркелген.
Оның ішінде стадиондар – 2. Бірі — Ақсукент ауылындағы орталық «Қайрат» КММ; Екіншісі — Көлкент ауылдық округіндегі «Томирис» жекеменшік.
Жүзу бассейндері – 2 (жекеменшіктегі «Болашақ» лагерінде – 1; «Манкент» шипажайында – 1;
Спортзалдар – 109 (білімге қарасты мектептерде — 68, мемлекеттік және жекеменшік спорт мекемелерінде — 41).
Спорт кешені — 4 (Ақсукент ауылы «Қайрат» спорт кешені КММ, Қарабұлақ ауылы «Сапа» және Қарасу ауылында «Достық» және «Қарасу спорт клубы» спорт кешендері жекеменшікте)
Спорт алаңдары – 266 (247-і білім беру мекемелері мен ауылдық округтерге қарасты, 19-ы колледждер мен жекеменшікте).
Оқу-жаттығу жиындарын өткізетін орталық – 1 («Ұлан» спорт орталығы жекеменшік).
Теннис корты – 2 дендросаябағында-1 мемлекеттік; «Манкент» шипажайында-1 жекеменшік.
Жабық футбол алаңдары (ангар типті) – 21. Ақсукент ауылында-5 (2-еуі мемлекеттік, 3-еуі жекеменшік), Қарабұлақ ауылында — 3 (жекеменшік), Манкент ауылында-1 (жекеменшік), Ханқорған ауылында-1 (жекеменшік), Қарамұрт ауылында — 1(жекеменшік), Қожақорған — 1 ауылында (жекеменшік), Көлкент ауылында — 1(жекеменшік), Қасымбек Датқа ауылында 1 (жекеменшік), Ақсуабад ауылында — 1 (жекеменшік), Қарасу ауылында -1 (жекеменшік), Әйтеке-би ауылында — 1 (жекеменшік), Ақбай ауылында — 1 (жекеменшік), Ынтымақ ауылында — 1 (мемлекеттік), Шапырашты ауылында — 1 (мемлекеттік), Ақбастау ауылында — 1 (мемлекеттік) жалпы: 5 мемлекеттік, 16 (жекеменшік) жабық футбол алаңдары бар.
«Street Workout» алаңшалары – (20 мемлекеттік.)
Бүгінгі таңда Ақбұлақ ауылындағы мәдениет үйі, кітапхана және спорттық үйірмелер ғимаратының құрылысы» іске асырылып жатыр. Нысанның сметалық құны 242 178,0 мың теңге, Ақбұлақ (халық саны 5646), Аққала (халық саны 2597) ауылдарынан 250-ге жуық баланың бокс, күрес түрлері, басқа да спорт түрлерімен айналысуына , домбыра, сурет салу үйірмелеріне қатысуға мүмкіндігі бар.
«Сайрам ауданы, Қарасу ауылындағы спорт кешені құрылысы» нысанның сметалық құны 749 540,1 мың тенге. Қарасу (халық саны 12032), Ақбай (халық саны 4302), Жаңатұрмыс (халық саны 1071), Бескепе (халық саны 583), Қызылсу (халық саны 8233) ауылдарынан 800 ге жуық жастар мен жасөспірім балалардың бокс, күрес, волейбол, баскетбол, үстел теннисі спорт түрлерімен айналысуына және облыстық, республикалық деңгейде спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік бар.
Жобалау-сметалық құжаттары дайын нысандар
«Құтарыс ауылдық округі мәдениет және спорт комплекс құрылысы» нысанның сметалық құны — 899 365,0 мың теңге, жоба іске асқан жағдайда, Құтарыс (халық саны 3066), Ақарыс (халық саны 1829), Қызылжар (халық саны 388), Оймауыт (халық саны 854) aуылдарынан 400 — ге жуық жастар мен жасөспірім балалардың бокс, күрес түрлері, волейбол спорт түрлерімен және домбыра, сурет салу үйірмелерімен айналысуға, спорттық мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі.
«Қарасу ауылдық округі, Ынтымақ ауылы, Алтынсарин көшесі №60А спорт залының құрылысы» нысанның сметалық құны 533 145 млн. теңге, Ынтымақ (халық саны 1654), Береке (халық саны 67), Шапырашты (халық саны 606), Шіркін (халық саны 1793), Ақсуабад (халық саны 4963), Құрлық (халық саны 1074) ауылдарынан 400-ге жуық жастар мен жасөспірім баланың бокс, күрес түрлері, волейбол спорт түрлерімен айналысуына, спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға жағдай жасалған.
Жобалау-сметалық құжаттары дайындалып жатқан нысандар
Көлкент ауылдық округі, Ханқорған ауылында мәдениет үйі, спорт зал және кітапхана құрылысы» жобалау жұмыстары аудан бюджеті есебінен әзірленуде, қазіргі таңда сараптама жұмыстары жүргізілуде, болжамдық құны 1 070 046,0 мың теңге; Ханқорған(халық саны 982), Тараз (халық саны 122), Қожақорған (халық саны 7085) ауылдарынан 200-ге жуық жастар мен жасөспірім баланың бокс, күрес түрлері, волейбол спорты түрлерімен және домбыра, сурет салу үйірмелерімен айналысуына, спорттық мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік бар.
Дайындаған Нұртілек Тұрдымұратов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *