«AL-FARABI» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Аталған жоба – жастардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, зияткерлік әлеуетін дамытуға және ой-өрісін кеңейтуге бағытталған маңызды бастама. Финалдық кезеңге іріктелінген үздік 3 команда қатысып, өзара мықты бәсекеде бақ сынады.

Финал барысында қатысушылар терең білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және жоғары дайындықтарын айқын көрсете білді Әрбір кезең тартысқа толы өтіп, әр сұрақ шешуші сәтке айналды. Қатысушылар жылдамдық пен дәлдікті ұштастыра отырып, командалық үйлесімділіктің жоғары деңгейін танытты ⚡️

Нәтижесінде, тартысты дода қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды:

I орын – Сайрам ауданы «IQ Elite»
II орын – Алматы қаласы «A team»
III орын – Келес ауданы «Keles Oilap»

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Алтаев Ертай Кенжебекұлы арнайы марапаттап, қатысушыларға алғысын білдірді.

Сонымен қатар, ойын барысында ерекше белсенділік танытқан бірқатар командалар мен қатысушылар арнайы номинациялармен және ынталандыру қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

Жеңімпаздар жоғары дайындық деңгейі мен ерекше белсенділіктерінің арқасында топ жарып, лайықты марапаттарға ие болды

«AL-FARABI» интеллектуалды ойыны алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жастардың дамуына серпін беретін ірі жобалардың бірі болары сөзсіз .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *