БӘРЕКЕЛДІ, БАЛАЛАР!

2024 жылы 9 қаңтар күні Қарасу ауылында еркін күрестен Сайрам ауданының чемпионаты өтті
Оған аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ең мықты деген жасөспірім палуандарқатысып, бақ сынады.
Дулат Саябайдың шәкіртері 2010 жылғы 41 келі салмақта Кенесары Қасымұлы, 2009 жылғы 57 келі салмақта Когенбаев Хасболат, 2011 жылғы 52 келі салмақта Даулетұлы Бауыржан, 2010 жылғы 68 келі салмақта Жаркинбек Дарын күміс алқалар алса, 41 келі салмақта Амирбек Нұрхат, 2010 жылғы 35 келі салмақта Орынбасар Нұрасыл, 2010 жылғы 75 келі салмақта Исабек Нұрасыл, 2009 жылғы 52 келі салмақта Сейдахмет Әлмұхамед, 2010 жылғы 35 келі салмақта Сапаров Арсен, 2012 жылғы 38 келі салмақта Анартай Жанбол қола алқаларды иеленді.
Ал, Керімжан Мырзатаевтың шәкіртері 2007 жылғы 80 келі салмақта Абденбаи Нурислам, 2014 жылғы 27 келі салмақта Курасбек Аишолпан алтын алқаларды иеленіп, 2014 жылғы 27 келі салмақта Махат Сабина күміс алқаны алды.
Дастон Балтаходжаевтың шәкірттері 2007 жылғы 71 келі салмақта Арзиматов Жамшид күміс алқаны иеленіп 2007 жылғы 60 келі салмақта Баратбеков Бекзод, 2008 жылғы 60 келі салмақта Кувашбеков Абдуллах қола алқаларды алды.
Жүлделі орындарға ие болған спортшыларымыз бен жаттықтырушымызды жетістіктерімен құттықтаймыз.

Н. Аяптегі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған