БАНКРОТ

❗️3 НАУРЫЗДАН БАСТАП АЗАМАТТАР БАНКРОТТЫҚҚА ӨТІНІШ БЕРЕ АЛАДЫ❗️

✅Өтінішті қалай береміз?
❗️Өтінішті азаматтар өздері береді, , яғни несие берушінің борышкердің банкроттығын беруге құқығы жоқ. Банкроттық туралы өтінішті борышкер «E-salyg Azamat» мобильді қосымшасы, «E-gov» веб-порталы және ХҚКО АЖ арқылы жібере алады.

✅Өтініште не жазылуы керек?
❗️Өтінішке кредиторлардың атауын, берешек сомасын, орналасқан жерін көрсете отырып кредиторлардың тізімі; борышкердің банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеу немесе өндіріп алу шараларын қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

✅Банкрот рәсімдеудің түрлері:
❗️«Соттан тыс банкроттық» — бұл түрін банк, микроқаржы ұйымы, коллекторлық агенттіктер алдындағы берешегі 1 600 АЕК-тен аспайтын (5 млн 520 мың теңге) жеке тұлға пайдалана алады. Ол үшін – азаматтың атына тіркелген, ортақ меншіктегі мүлік болмауы керек және өтініш берілген күні қатарынан 12 ай ішінде ол кредиторлар мен коллекторлардың алдындағы төлемдерді жасамаған болуға тиіс.

❗️«Сот банкроттығы» — бұл рәсімді қарызы 1 600 АЕК-тен (5 млн 520 мың теңге) асатын азаматтар қолданады. Сот арқылы банкроттықты таңдаған борышкерге тиесілі мүлік сауда-саттық кезеңінде сатылады. Егер борышкердің жалғыз баспанасы кепіл нысанасы болып саналса, онда кредитор оны алып қоя алады. Өтелмеген соманың қалғаны есептен шығарылады, яғни жойылады.

❗️«Төлем қабілетін қалпына келтіру» — бұл рәсімді қолданушылар толық банкрот болмайды. Жеке тұлға қаржы ұйымы алдындағы берешегін бес жыл мерзімге бөліп төлеп, төлем қабілетін қалпына келтіре алады. Бұл сот арқылы жүзеге асады.

❗️Банкроттықтың салдары:
❌Азаматтар 5 жыл бойы несие қарызын және микронесие рәсімдей алмайды;
❌Тек 7 жыл өткеннен кейін ғана қайта банкрот болуға өтініш беруге құқылы.
❗️Банкрот болған азаматтың қаржылық хал-ахуалына 3 жыл бойы арнайы мониторинг жасалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *