ЖЕКЕ ПІКІРІМ ОСЫЛАЙ…

Дамыған мемлекеттер қатарына енуіміз үшін де ең бірінші кезекте электр жарығына тәуелсіз болуымыз керек.

Қазір өздеріңіз білетіндей, электр жарығын күндіз-түні үздіксіз пайдаланатын уақытта өмір сүрудеміз. Қолымыздағы ұялы телефонның өзі де электр қуатымен жұмыс істейді. Осыдан-ақ электр қуатына деген қажеттілік күн өткен сайын артып келе жатқанын аңғаруға болады. Ғалымдардың айтуынша, алдағы 10 жылда елімізде электр жарығына деген үлкен тапшылық болуы мүмкін. Бұл қауіптің алдын алудың бірден-бір жолы ол – атом электр станциясы. Сондықтан, одан бас тартпай, белді бекем буып, ел болып қолдау білдіруіміз керек деп ойлаймын.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр.
Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін. Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек.
Нұрғиса Төремұратов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған