БЕЛЕСТЕРГЕ БЕТТЕЙ БЕРЕМІЗ

Ауданымызда мәдениет, өнер саласы қай деңгейде? Өнерпаздарымыздың биылғы жетістіктері қандай? Осы жәйттерді білу  үшін аудандық мәдениет,  тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің басшысы Мәди Нұрлыбаевпен сұқбаттасқан едік.

 

  • Мәди Абайұлы, биылғы жұмыстар қай деңгейде жүруде? Сіз басқаратын бөлімде қызметкерлер жұмысқа қаншалықты жақын?
  • Қазіргі таңда аудан бойынша 31 мәдениет ошағы халыққа қызмет көрсетеді. Олар: аудандық мәдениет үйі – 1, 3 ауылдық мәдениет үйлері, 6 ауылдық клуб, 1 аудандық орталық кітапхана, 1 орталық балалар кітапханасы және – 19 ауылдық  кітапхана. Аудан бойынша  мәдениет ошақтарында 39 үйірме жұмысы бар, вокал, домбыра, би, көркем сурет, көркем сөз өнері бағыттары бойынша 539  қатысушы бар.  Мәдениет ошақтарындағы түрлі өнер үйірмелерге қатысушы аудан жастарының  облыстық байқаулардағы жетістіктері: Бас жүлде – 2, Бірінші орын – 2, Екінші орын – 3, Арнайы жүлделер – 4.

Одан бөлек, бөлімге 5 мекеме  қарайды. Олар: Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйі, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Тілдерді оқыту және дамыту орталығы,  «Ақсу жекпе – жек» және «Ақсу» спорт клубтары. Жалпы, мәдениет саласында  161 қызметкер жұмыс істейді ( оның ішінде 5-і аппаратта, 86-сі аудандық мәдениет үйінде, 48-і аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде, 6 оқыту орталығында, 16-сы ауылдық мәдениет ошақтарында), немесе 126-сы әкімшілік, шығармашылық қызметкерлер, 35-і  техникалық  қызмет атқарады. Күнтізбелік және биылғы мерейтой иелеріне арналған 50, сонымен қатар, жоспардан тыс 56 іс- шара (106), кітапханалық әдеби – 54 шара сонымен қатар, 50 спорттық  шаралар өткізілді.

Алдағы уақытта  ауданның 95 жылдығына арнап, бірнеше ауқымды іс- шараны  іске асыру жоспарланған. Және облыстық  фестивальдерге қатысамыз.

  • Кітапхана ісі туралы не айтасыз?
  • Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша іс- шара саны жалпы – 96, онлайн іс-шара саны жалпы – 80, БАҚ-та жарияланған мақала саны – 12. Жүйе кітапханалары өткізілген іс-шараларда мынабағыттарға баса назар аударды.

Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл; Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл; Ұлы жүздің биі Төле бидің туғанына – 360 жыл; Бұқар жыраудың туғанына 330 жыл; Қазақтың ұлы ханы Абылайдың туғанына  – 310 жыл; Қазақтың батыры Махамбет Өтемісұлының туғанына – 220 жыл; Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл; Ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшысы Амангелді Имановтың туғанына – 150 жыл; Ұстаз, жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына – 145 жыл; «Алаш» қозғалысының мүшесі, атақты ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына -145 жыл; Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  туғанына – 130 жыл; «Қазақ» газетінің  алғашқы нөмірінің шыққанына – 110 жыл; Әйгілі партизан жазушы Қасым Қайсеновтің туғанына – 105 жыл;  «Жас қазақ» журналына 100 жыл; Жазушы  Ғафу Қайырбековтың туғанына 95 жыл; «Жұлдыз» журналына 95 жыл; Жазушы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың туғанына – 95 жыл; Сайрам ауданына 95 жыл; Жазушы Оралхан Бөкейдің  туғанына – 80 жыл; Мұрат Әуезовтің туғанына 80 жыл; «Балдырған»  журналына 65 жыл; Теңгенің қолданысқа енгеніне – 30 жыл;  «Бір ел – бір кітап» акциясы  аясында таңдалған көркем әдебиетті дәріптеу; «Түркістанның таңдаулы туындысы» өлкелік оқу акциясын насихаттау болды.

 

Сайрам ауданына 95 жыл толуына орай, кітапхананың ұйымдастыруымен «Ашық аспан астындағы кітапхана» атты мәдени іс – шара өткізілді. Ақсукент ауылдық округінің орталығында орналасқан Абылайхан алаңында аудынымыздың зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері, колледж студенттері мен кітапханашылар, аудан тұрғындары мерекелік іс-шараны тамашалады. Балалар кітапханасының оқырманы «Қызыл телпек» кейіпкерін сомдап, сұрақ-жауап сәтін өткізіп көрермендерді қызықтырды. Кештің екінші бөлімі Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен кітапханашы, ақын Роза Сандыбайқызы Әбдіжаппарованың «Күзгі әуен» атты шығармашылық кешімен жалғасты.

     «Мерейтой иесі – 2023» айдары аясында балалар жазушысы Ермек Өтетілеуовтің  туғанына 85 жыл толуына орай әдеби сағат, актриса, Қазақ ССР-нің халық артисі Бикен Римованың туғанына 100 жыл толуына орай өнер сағаты,  орыс жазушысы, қоғам қайраткері Алексей Николаевич Толстойдың туғанына 140 жыл толуына орай  ақпаратты сағаты,  көрнекті француз жазушысы, ертегіші, ақын және классицизм дәуірінің сыншысы  Шарль Перроның туған күніне орай поэзия кеші, балалар әдебиетінің ақыны, журналист, жазушы Жанаев Нұрхан 90 жасқа толуына орай кітап көрмесі, қазақтың халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың туғанына 75 жасқа толуына орай өнер сағаты, француздың әйгілі жазушысы Жюль Верннің туғанына 205 жыл толуына орай «Он бес жасар капитан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдеби шолу өткізілді.

Қасиетті Сайрам жері – қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Әз Жәнібек, Керей хан, Абылай хан ат басын тіреген, қазақ тарихы үшін аса құнды Ханқорғандай жері бар, сансыз бабтар өмір сүрген, тарихы терең, киелі өлке. Татулықтың тірегі, бірлік пен жарасымдылықтың жаршысы бола білген ауданымызға биыл – 95 жыл толып отыр. Аудандық орталық балалар кітапханасында «Шежіре – тарих, жыр – дастан, киелі өлке – Сайрамым» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханаға келген оқырмандарға ақпараттық шолу өткізілді.

«Бір ел – бір кітап» республикалық оқу акциясы аясында Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығы бойынша «Қазақ прозасының пырағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Кеш барысында «Қарымды қаламгер» атты бейнесюжет көрсетілді. Оқырмандар арасында Төлен Әбдіктің «Оң қол» атты шығармасы талданып, талқыланды. Оқырмандарға шығарма ерекше ұнап, алған әсерлері, өз ойлары мен пайымдарымен бөлісті. Кеш соңында қызықты шығармашылық ойындар ойнатылып, «Жан сезімінің шырақшысы» атты кітап көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар, аудандық балалар кітапханасында танымдық сағат, ақпаратты сағат, шығармаларына шолу, кітап көрмесіне шолу сағатары өтті. Өткізілген іс-шаралар фейсбук әлеуметтік желісіне жарияланды. Айтпақшы, Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ақпараттық технологияларды ендіру және дамыту жұмыстары бойынша кітапхана жұмысына 2007 жылы РАБИС бағдарламасы орнатылған. Катологизатор бөлімі қосылған. Бағдарлама қазақ тілі қарпін қолдайды. Қазіргі таңда РАБИС бағдарламасына 116 402 дана кітап енгізілді.

 

  • Сіздердің бөлімге қарасты Тілдерді оқыту және дамыту орталығы бар. Осы сала бойынша не айтасыз?
  • Тілдерді оқыту және дамыту орталығында биылғы 7 айда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен деңгейлік оқу курстары бойынша оқығандар  саны 336, сертификат алғандар 334  оның ішінде қазақ тілінен – 92, орыс тілінен  – 122, ағылшын тілінен – 120 тіл үйренуші бар. Қазіргі таңда Тілдерді оқыту және дамыту орталығында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту жүйесі бойынша 122 тыңдаушы оқуда.  Оның ішінде қазақ тілінен – 40, орыс тілінен  – 41, ағылшын тілінен – 41 тіл үйренуші бар. Жақында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты бейнеролик түсірілді. Онда аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры З.Акпанова  орталық туралы мағлұмат берді. Қазақ тілін меңгерген орыс ұлтының өкілдері Шербина Татьяна, Наумец Анастасия, қарашай ұлтының өкілі Узденова Зарина, ауған ұлтының өкілі  Даряби Халил   қазақ тілін қалай, қайдан  үйренгені  туралы айтылды. Мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастары арасында «Тілге құрмет –  елге құрмет» онлайн режимінде байқауы ұйымдастырылды.  Алғыс айту күніне орай  «Рақмет, саған, Отаным!» тақырыбында өзге ұлт өкілдерінің Қазақ еліне деген ыстық ықыластарын жеткізіп, алғыс айтылды, бейнеролик түсірілді.  Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің арасында   байқауы, «Мен қазақша сөйлеймін!»   онлайн акциясы  ұйымдастырылды.     «Ауыл – ел тірегі» жобасы аясында Құтарыс ауылында «Жаңа әліпби – болашаққа бастар жол» атты дөңгелек үстел өтті.  Ал Көлкент ауылында «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті. Биыл Ұлт ұстазы, қазақ жазуын алғаш реформалаған ұлы тұлға, қазақ балаларының сауат ашуына көп күш жұмсаған ағартушы   «Тілім менің — тірлігімнің айғағы» челленджін Ақсукент ауылдық округі бастап,  өзге ауылдық округі әкімшілігінің  қызметкерлері жалғастырды. Қазақстан халқы тілдері күнімен тұспа-тұс келген Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл мерейтойына орай «ТІЛ-ДОСТЫҚТЫҢ ТІРЕГІ» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Қарасу ауылдық округі әкімшілігі ғимаратында кәсіпкерлік нысан иелеріне Ш. Сағынтаева «ҚР Тіл туралы заңы: ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР» тақырыбында баяндама оқып, жарнама жазуларының заңға сәйкес жазылуына тоқталды, осы бағыттағы бірқатар сұрақтарға жауап берді. Арыс, Манкент  ауылдарында «Қазақшаңыз қалай?» атты акциясы, Ақсукент, Манкент, Қарамұрт  ауылдарында   «Тіл үйренейік!» атты  акция жүргізілді. Көлкент және Арыс, Қарамұрт  ауылдық округі әкімшілігі қызметкерлерінен ҚАЗТЕСТ  алынды.  Ақсукент, Арыс, Көлкент, Манкент, Қарамұрт, Құтарыс, Қарабұлақ, Ақбұлақ ауылдарында   «Сауатты жарнама –  тіл тазалығының айнасы» аудандық акциясы  аясында  ауылдық округ көшелерінің бойында орналасқан 247  кәсіпкерлік нысандарының маңдайша жазулары мен көрнекі ақпарат құралдарының қатесіз, дұрыс жазылуына зерделеу жұмыстары жүргізіп, әдістемелік көмек берілді  нысанның 110 – «Тіл туралы» заңға сәйкес емес екені анықталып, оның 54-і дұрысталды.
  • Ауданымыздағы ономастика бойынша не айтуға болады?
  • Бөлім тікелей ауданның ономастика саласы бойынша тиісті жұмыстарды атқаруда. Оның ішінде 11 ауылдық округке қарасты 42 елді мекен мен 670 көше атаулары және кәсіпкерлік нысандардағы маңдайшалар мен жарнама жазулары зерделенеді. Қазіргі таңда Қарамұрт ауылындағы Киров атындағы ЖОМ  атауын Абай атына ауыстыру үшін ұсыныс аудандық, облыстық  ономастикалық комиссиядан өтіп, мақұлданды. Енді, ҚР Үкіметінің қаулысы күтілуде. Сонымен қатар, ауданымызда 2022 жылы салынып, ашылған жекеменшік мектептердің атаулары аудандық ономастикалық жұмыс тобымен ақылдаспай, құжаттары рәсімделіп кеткен. Бұл мектептердің аттары білім саласына қатысы жоқ, республикаға немесе облысқа танымал емес тұлғалар болатын. Бұл бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Г.Тынымбаевамен бірлесе оытырып аудандағы барлық жекеменшік мектеп директорларымен семинар өткізілді. Нәтижесінде:  Арофат ана атындағы жалпы орта мектеп ЖШС – Ахмет Яссауи атындағы жалпы орта мектеп ЖШС деп;  Абдувахит Қарабаев атындағы жалпы орта мектеп ЖШС – Әлия Молдағұлова атындағы жалпы орта мектеп ЖШС деп; Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектеп ЖШС – Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектеп ЖШС деп; «Низамхан Сулайманов атындағы жалпы орта мектеп ЖШС – «Сайрам»  жалпы орта мектебі ЖШС деп қайта аталды.Қазіргі таңда, жекеменшік болып тіркелген басқа да мектептер білім ошақтарының аталуын заңға сәйкес өзгерту жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірге жұмыстар атқарып, ескі атаулар қатарына жататын Қарамұрт ауылындағы Ю.Гагарин атындағы мектеп пен атауы жоқ 13  мектептің атауын  білім саласына еңбегі сіңген, қазақтан шыққан ұлы тұлғалардың атауымен өзгерту үшін жұмыстар жүргізілетін болады. Мынаған назар аударайық бөлімінің биылғы тамыз айына дейінгі жетістіктері БАС ЖҮЛДЕ – 2, Бірінші орын –  3, екінші орын – 3, арнайы жүлделер – 4.Мәселен, облыстық  «Балдәурен – 2023» ән байқауында – Мұсырманқұл Нұршат,«Әлем халықтарының биі» халықаралық би байқауында  – «Самұрық би тобы Бас жүлдеге ие болды. Ал, республикалық Ү «DANCE  BATLE»   би байқауында  “Жұлдыз» би студиясының өнерпаздары қатысып, 3 дүркін 1- орын иелері атанды. Байқау  Түркістан, Тараз, Астана қалаларында өткен.  «Думанды Меркі – өнердің көркі» аймақтық вокалды аспапты ансамбльдер байқауында «Ақсу әуендері» халықтық вокальді инструменталді ансамблі 2- орынға ие болды. Жамбыл облысындағы «Балтаңдай» фестивалі аясында «Менің туған жерім» облыстық  суретшілер байқауында Әсел Асанбек 2- орын, «Балтаңдай» фестивалі аясында  «Кел, билейік!»  облыстық би байқауы ҮЛГІЛІ «Ақ кербез» би тобы  2- орынға ие болды.  «Арай  – 2023» әншілер байқауында Гүлзат Окетова «Саттар Ерубаев» атындағы  жүлде, «Арай  – 2023» мәдени іс- шара жүргізушілерінің байқауында  Ернұр  Анарбек «Сейдолла Бәйтереков» атындағы жүлдені алса, «Балтаңдай» фестивалі аясында  «Кел, билейік!» би байқауы – «Жұлдыз» би студиясы «Үздік би тобы»  арнайы жүлдесін иеленді. Біз, әриен мұнымен тоқтамаймыз. Биік белестерге беттей береміз.
  • – Рақмет, жұмыстарыңызға зор жетістіктер тілейміз. Үнемі биіктен көріне беріңіздер.

Сұқбатты жүргізген Нұрғиса Тұрдымұратұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған