Е-ҚЫЗМЕТ» ЖҮЙЕСІ ЖҰМЫСЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Е.Жолбарыс «Е-қызмет» жүйесі туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында, Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің және аудан/қалалардың мемлекеттік кірістер басқармаларының Персоналға жауапты қызметшілерінің қатысуында кездесу өткізді.
«Е-қызмет» жүйесі персоналды басқару қызметін дамыту мен жетілдіруге, кадрлық жұмысты тиімді орындауға, онлайн режимде мемлекеттік қызметкерлер туралы толық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Осы ретте, «Е-қызмет» жүйесінің жұмысын жандандырып, автоматты режимде рәсімделген құжаттар үлесін арттыру мақсатында, мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тиісті мәліметтерді уақытылы және сапалы енгізіп отыру мәселелері қарастырылды.
Кездесу барысында, аталған жүйенің маңыздылығы «Е-қызмет» жүйесі арқылы түсіндіріліп, тәжірибелік, әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Түркістан облысы
бойынша департаменті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған