КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Қарасу ауылындағы «Рауан» спорт кешенінде жастар арасында кіші футболдан турнир өтті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, оларды жат қылықтардан аулақ болуға үндеу мақсатында өткен жарысқа онға жуық команда ширақ, мықты дайындықпен келгенін көрсетті.
Өткізілген спорттық іс-шараның тартысты өткендігі барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй мен естен кетпес сәт сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларға арнайы кубоктар, медальдар және грамоталар табыс етілді. Сонымен қатар, командалардың ішінен белсенді қатысқан үздік ойыншыларға да арнайы сыйлықтар табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған