Сонымен, баскетболдан Арыс қаласында өткен облыстық турнирде Сайрам ауданы «Ақсу жекпе-жек спорт клубының» жас өрендері жүллелі III-ші орынға ие болды. Бұл-дағы зор жетістік, әрине!
2024 жылдың 29-шы қыркүйек күні, Түркістан облысы Арыс қаласында, 2011-2012 жылдары дүниеге келген жасөспірім ұлдар арасында, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» қағидаларын насихаттау мақсатында, баскетболдан ашық турнир өтті.
Турнир аса тартысты болды. Үлкен алаңда жас спортшылар допты межелі торға салуға бар шеберліктерін жұмсады. Әр команданың да турнирге тыңғылықты дайындықпен келгені байқалып тұрды.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, оқ бойы алға озып шығып, шын ептілік пен топтық бірліктің үлгісін танытқан «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің командасы жүлделі III-ші орынды еншіледі. Жанкүйерлер бұған таң қалысып, қуана қол соқты. Команданың жаттықтырушысы: Салиходжаев Максуджан.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
P. S. Баскетбол — бұл командалық спорт түрі, онда екі команда бір-біріне қарсы ойнап, негізгі мақсаттары — қарсыластың себетіне (шабуылшы шеңберіне) доп лақтырып, ұпай жинау. Әр команда әдетте бес ойыншыдан тұрады. Ойын арнайы алаңда өткізіледі, оның ортасында себет (қоржын) ілулі тұрады.
Баскетбол ойыны 1891 жылы Джеймс Нейсмит есімді канадалық дене тәрбиесі мұғалімі ойлап тапты. Ойынның басты ерекшелігі — допты еденге соғып алып жүру (дриблинг) және оны қарсыластың себетіне дәл лақтыру. Ойынның ұзақтығы 4 кезеңнен (әрқайсысы 10 немесе 12 минуттан) тұрады, ал жеңімпаз ең көп ұпай жинаған команда болады.
Ойын ережелеріне сәйкес, ойыншылар допты қолдарымен ғана алып жүре алады және пас бере алады. Әрбір ойыншының міндеті — шабуыл кезінде допты себетке түсіру және қорғаныста қарсылас команданың шабуылын тоқтату.
Нұртілек Тұрдымұратов.