ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, ЖЕРЛЕСТЕР!

Жаңа оқу жылы басталмай жатып, талай байрақты бәсекелерде топ жарған «Сайрам аудандық №1 БЖСМ» мекемесі жеңісті күндерін жалғастырып келеді.

2024 жылғы 9-11 тамыз аралығында Қызылорда облысында үстел теннисінен жастар арасындағы ПТ «Абзал и компаният»-тың жүлдесіне арналған РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР өтті.
Барын салған білікті жаттықтырушы Шохрух Абдазимовтың шәкіртері Ахмадалиева Шахзода алтын алқаны иеленсе, Ханиязова Ноила күміс алқаны олжалады.

* * *
Ал, 2024 жылы 16-19 тамыз аралығында Талдықорған қаласында 3х3 баскетболдан ұлдар арасында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГІНЕН сайыс өтті.
Дүбірлі додада Түркістан облысының құрама командасының құрамында Сайрам аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы ( Ю-14) 1- орын алды.
Жүлделі орынға ие болған Мавлонбеков Билолбек спортшымыз бен жаттықтырушымыз Наримтаев Рустамжанды жетістіктерімен құттықтаймыз.
* * *
Сондай-ақ, 2024 жылы 13-17 тамыз аралығында Түркістан қаласында 3х3 баскетболдан 2008-2009 жылдары дүниеге келген жасөспірім ұлдар және қыздар арасында қазақтың әйгілі журналисті, жазушы, публицист Саттар Ерубаевты еске алуға арналған ХХХІХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР өтті.
Айтулы спорттың тартысында Сайрам ауданы №1БЖСМ-ң құрама командасы 3-орынды иеленді.
Жүлделі орындарға ие болған Анарханов Голибжан, Мирзаамонов Асилбек, Шадибеков Элбек сынды спортшыларымыз бен жаттықтырушымыз Наримтаев Рустамжанды жетістіктерімен құттықтап, алдағы күндеріне сәттілік тілейміз.

Нұртілек Нұрғисаұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған