- «Қыз Жібектің» фильмінің алғашқы нұсқасы «Аққу» деп аталған.
- Фильмді түсіру үшін қазіргі күні кездеспейтін 8-10 қанатты шаңқан ақ үйлер арнайы жасалды.
- Фильм суретшісі Гүлфайрус Ысмайлова бастаған таңдаулы шеберлер қыздардың камзолдары мен көйлектеріне, жүздеген, мыңдаған моншақтарды бір-бірлеп өз қолдарымен қадаған.
- Жібек рөліне 400-ге жуық үміткерден ұсыныс хат келіп түсті. Олардың ішінде 15 қыз ғана іріктеуден өтіп, тек Жібектің серіктері ретінде бекітілді.
- Режиссерлер Жібек рөліне лайықты қызды таппай, ұзақ ізейді. Сол кезде 10 сынып оқып жүрген Мерурет Өтекешованы режиссер Ғазел Мағауина көріп студияға өз ертіп әкелген.
- «Сырлыбайдың ауылы» деп аталатын обьектілерді түсіру кезінде «Қырық көш» үшін ауылдардан 60 түйе әкелінді.
- Іле жағасында «Сырлыбай ауылы» үшін 35 киіз үй тігілді.
- Бішкек қаласының хайуанаттар бағынан киноға түсіру үшін арнайы аққулар әкелінген.
- Көлемі 3600 метр фильм үшін 50 мың метр пленка пайдаланылды.
- «Қыз Жібек» 1972 жылы Бакуде Бүкілодақтық кинофестивальда көрсетіліп, фильм оң бағаға ие болды.