ТАҒЫ БІР САЙЫС ДЕЛЕБЕ ҚОЗДЫРДЫ…

Спартакиада — бұл спорттық жарыс, бірнеше спорт түрін қамтиды және әртүрлі халық топтарының арасында өтеді, мысалы, оқушылар, студенттер, әртүрлі кәсіпорындардың жұмысшылары немесе аймақтар мен елдер тұрғындары арасында. «Спартакиада» атауы ежелгі грек қаласы Спартадан шыққан, ол әскери мәдениетімен және дене шынықтыру жаттығуларына беріктігімен танымал болған.

Бастапқыда Спартакиадалар бұрынғы Кеңес Одағында Олимпиада ойындарына балама ретінде пайда болды және қалалық деңгейден бастап бүкілодақтық деңгейге дейін әртүрлі ауқымда өткізілді. Спартакиадалар бұдан әрі де посткеңестік елдерде кең таралған спорттық іс-шара ретінде өз танымалдылығын сақтап келеді.

Сонымен кеше Сайрамда облыстағы спорт клубтарының қызметкерлері арасындағы спартакидада бап пен бақтарын сынады. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ақсу Жекпе-жек» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, облыстық спартакиада өтті.
Қызу өткен жарыста ойыншылар арқан тарту және дойбы спорттық ойын түрлері бойынша бақ сынасты.

Қазақстан Республикасы Президентінің салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі айтқан тапсырмасын іске асыру, спорт клубтары арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған спартакиадаға аймақтан 9 команда қатысты.Аталмыш іс-шараның ашылу салтанатында «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Рашид Лапаев және Түркістан облысының спорт клуб директорлары құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысына бойынша арқан тартудан І орын — Төлеби, ІІ орын — Жетісай, III орын — Отырар спорт клубтарының қоржындарына жүлде салынды.
Ал, дойбыдан I орын — Жетісай, II орын — Созақ, lll орын — «Ақсу жекпе-жек» спорт клубтарына бұйырды.
Жарыс жеңімпаздары кубок, медаль, дипломдармен марапатталды.
Н. Тұрдымұратов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *