РЕФЕРЕНДУМҒА САНАУЛЫ КҮНДЕР ҚАЛДЫ

2024 жылдың 6 қазанында АЭС салу жөніндегі бүкілхалықтық референдум өтеді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтқан болатын.
Осыған орай, Сайрам ауданы білім бөлімінің “Оқу-өндірістік комбинатында” кездесу өтіп, онда референдумның өту мақсаты және маңыздылығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге «Ауыл» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы Е.Жайлаубеков, «Семей ядролық полигоны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Ирисметов және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Р.Бекбосынов қатысып, жиналғандарға Референдумның маңыздылығын түсіндірді. Сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында энергия тапшылығын азайтуда атом электр станциясының маңыздылығы, оның елімізге қажеттілігі туралы сөз қозғалды.
Бибосын Ермекбаев.
Сайрам ауданы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған