АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Ақсукент ауылында орналасқан Оңтүстік Қазақстан Индустриялды-инновациялық колледжінің еңбек ұжымы, жатақхана тәрбиешілері және студенттерімен маңызды кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты мен тақырыбы – Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі және оның артықшылығы, пайдасы жайында болды.
Онда қуат тапшылығының артуы және қазіргі энергетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында АЭС салудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.
Кездесуге келгендер елімізде АЭС-тің заманауи қауіпсіздік стандарттарына сай құрылатынын және қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беруінің барлық мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті.
«АЭС ұзақ мeрзімді, тұрaқты, қaуіпсіз элeктрмeн қaмтaмaсыз eтeді, бұл еліміздегі барлық сала үшін aсa мaңызды. Сондықтан АЭС салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бірінші кезектегі мәселе. АЭС құнының 40%-ы қауіпсіздік жүйесіне бағытталады», — деді «Мұрагер» Бейбітшілік шарты әскері күштерінің Ардагерлері Республикалық қоғамдық бірлестігі Сайрам ауданы бөлімінің төрағасы М.Алиев.
Кездесуге экспорт ретінде шақырылған «Ядролық полигондың ардагерлері» қоғамдық бірлестігі төрағасы М.Ирисметов, атом электр станциясы энергия импортына тәуелділікті азайта отырып, елді тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ететін бірден-бір маңызды жоба екеніне тоқталды. Және бұл мәселені жастар жағы да қолдайтындығын жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған