ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АЭС-ТІҢ ОҢ ЖӘНЕ ТЕРІС ЫҚПАЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облысының азаматтық бастамаларды қолдау орталығында азаматтық қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «АЭС-тің оң және теріс ықпалы» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға Ордабасы аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гулия Тәйтәлиева, «Жігерлі ел» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Ақмарал Әбдінабиева, «Эко Атамекен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлнар Ниязова, «Төрткүл ауыл округі» қоғамдастық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрал Өтеген, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәбира Байзахова, «Generation» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владислав Голярко қатысты.

Басқосуда қоғам белсенділері АЭС-тің ел үшін маңызы туралы өзара пікір алмасты. Шарада «Өгем» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлихан Әбдешов өз ойымен бөлісті

«АЭС-ке келгенде көпшіліктің пікірі қақ жарылып отыр. Бірі оның энергия тапшылығы шешудегі рөлін алға тартса, екінші тарап қауіпсіздігіне алаңдаулы. Дегенмен, билік өкілдері алдағы уақытта энергия тапшылығы болуы мүмкін екенін алға тартып, АЭС-ті салу қажеттігін ұсынып отыр. Жөн-ақ. Дегенмен, АЭС-ке оң көзбен қарағанымызбен, әлі де ойланатын тұстары бар. Сондықтан бұл мәселеде асығыстық танытуға болмайды»,- деді ол

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *