ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖАМБЫ АТУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

Астана қаласында өткен ұлттық спорт ойындарының VI фестиваліне Түркістан облысының қоржынына Сайрам ауданының қосқан үлесі зор болды. «Сайрам садақ ату федерациясының» ересектер арасынан үш бірдей мергеніміз бақ сынады. Сайрам ауданы Ынтымақ ауылының имамы Еркін Дүйшебаев ағамыз жамбы атудан Қазақстанның күміс жүлдесін иеленді. Ол өзінің мергендімен талай жеңімпаздарды жолда қалдырып, мықтылығын дәлелдеді. Ал, Құрманбек Ордабаевтың қырсыққанда садағы сын сағатта сыр беріп, белінен сынды. Алайда қазақтың «өткелде ат ауыстыруға болмайтынын» біліп, садағы сынса да, сағы сынбаған Құрманбек ағамыз өзіне таныс емес өзгенің садағын сұрап, жарысты жарты жолдан тоқтатпай, барын салған нағыз батыр болды. Екі ағамызға да Түркістан облысының намысын қолдан бермегені үшін, ауылдастары қолдарынан келгенше сый -сияпат жасап, мерейін асырды. Жеңімпаздарды «Манкент» темір жол стансасынан арнайы күтіп алды. Сайрам садақ ату федерациясының басшысы ретінде Махамбет Сәтбаев оларға ауыл, аудан атынан алғыс айтып, жөн-жоралғысын жасады. Аудан мерейін асырып, Сайрам елін көпшілікке танытқан мергендерді ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жамбы ату — қазақ, халқында кең тараған мергендік сынның, ат үстіндегі ойындардың бір түрі. Атпен шауып келе жатып, жігіттер екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуға тиісті болған. Ереже бойынша жігіттер сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады. Ойын қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлттық ерекшелігін көрсетеді. Қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан. Төреші белгі берісімен олар аттарын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатуға тиісті. Төрешілердің ұйғарымы бойынша, нысаналар бірнешеу болады. Әрбір олимпиялық ойындардан кейін оның бағдарламаларына енген спорт түрлернің халықаралық бірлестіктері қайта қарап, түзетулер, өзгерістер енгізіп жүр. Қазір уақыт басқа. Қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінің ережелерін де қайта қарап, заман талабына сай өзгертуге болады. Мысалы, Жамбы ату биатлонның ережесіне сай өзгертуге келеді. Тек шаңғының орнына ат керек. Сонда жаңа спорт түрі жазғы биатлон, «қазақ биатлоны» өмірге келер еді?.

Н. Аяптегі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *