ЖҰЛДЫЗЫ ЖАНҒАН АЛТЫ ТАЛАНТ

Ауданымыздың мәлениет,өнер саласында ақжолтай хабар, шуақты жаңалық орын алды. Алты азамат, алты сайрамдық өнерпаз «Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер саласының үздігі» атанды. Араларындағы жасының өзі кемі 20 жылдан бері Сайрам ауданына еңбегі сіңіп, мәдениеттің мәртебесін көтеріп, өнерді өрге сүйреп келетін мұндай азаматтар мерейлі марапатқа лайықты да. Негізі о баста бұлар республикалық  «БІЛІМ ӨРКЕНИЕТІ»  байқауына қатысып, еңбектері жоғары бағаланды. Содан арнайы марапатқа елордамыз Астанаға шақырту алды.  Яғни, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын қоғамда кеңінен насихаттау мақсатында өткен дүбірлі жиында өнерлері таразыға салынды.  «Ұлттық мәдениетіміз – ұлы дала өркениетінің мызғымас темірқазығы» конференциясында маңдайлары жарқырап, кеуделеріне төсбелгі тағылды. Олар:

Мирабдимажид Мирхашимов – «Ғунча» ансамблінің көркемдік жетекшісі;

Қайрат Сыдықов — «Ақсу әуендері» вокалді-инструменталді ансамблінің жетекшісі,сазгер;

Жанат Серікбаева — фольклорлы халықтық ансамблінің жетекшісі;

Дана Ибрагимова  — Ибрагимовтар отбасылық ансамблінің жетекшісі;

Бақытжан Джаппаров — ансамбль жетекшісі, музыкант;

Тілеген Ормаш – аудандық Қазақ халық театрының көркемдік жетекшісі, ақын.

Бұлардың бәрінің өз топтарында халықтық атақ бар. Мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі көрінген, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысып, осы саладағы инновациялық қызметтері еленген жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз.

Н. Тұрдымұратұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған