Бүгінгі таңда спорт пен салауатты өмір салты қоғамның маңызды бөлшегіне айналып отыр. Бұл ретте, ауыл жастарының дене шынықтыруға қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар ерекше мәнге ие. Сайрам ауданында да спортты дамытуға және спортпен шұғылданушы жастарды қолдауға айрықша назар аударылуда.
«Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан көлемінде дене шынықтыру және спорт саласын ілгерілетуге үлкен үлес қосып келеді. Клубта бүгінде 10 спорт түрінен 11 ауылдық округ қамтылған. Онда 106 оқу тобымен 1366 спортшы жаттығады, оларға 47 жаттықтырушы бағыт-бағдар беріп келеді. Бұл аудан жастарының спортқа деген қызығушылығының жоғары екендігін және жаттықтырушылардың кәсіби деңгейін айқын көрсетеді. Осы орайда, аталған спорт клубтың директоры Лапаев Рашидпен сұхбаттасқан болатынбыз.
– Рашид Миласұлы, «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеті, мақсаты не? Осы жайында айтып өтсеңіз…
– Ең бірінші Ақсу жекпе-жек спорт клубының негізгі мәні мен мақсаты – жас буынды салауатты өмір салтына баулу және дене шынықтыру мен спортты тұрғындар арасында кеңінен тарату, насихаттау болып табылады. Әрине онан соң басты міндетті миссиямыз – аудан спортын асқақтату.
– Спорт клуб шәкірттерінің биылғы жетістіктері қандай? Жас спортшыларымыз несімен қуантты?
– 2024 жылдың басынан бері аудан спортшылары республикалық, облыстық, және ауданаралық жарыстарға қатысып, көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 4 рет Қазақстан Республикасы және аймақтық чемпионаттарға, 10 рет Түркістан облысы чемпионатына, 31 рет халықаралық және облыстық турнирлерге, сондай-ақ 18 рет ашық біріншіліктерге қатысып, жүлделі орындармен оралды. Бұл жетістіктер ауданның спорттық әлеуетінің қарқынды дамып келе жатқанын және спортшылардың кәсіби деңгейін дәлелдейді.
Ауданда дене шынықтыру мен спортты дамыту тек спортшылардың ғана емес, жалпы халықтың салауатты өмір салтына бет бұруына ықпал ететін маңызды фактор. Спортпен шұғылданатын жастардың саны көбейген сайын, олардың денсаулығы нығайып, болашақта ауданның беделін арттыратын білікті спортшылардың қалыптасатыны сөзсіз.
Спорт – тек дене тәрбиесінің ғана емес, рухани тәрбие мен тәртіптің де қайнар көзі. Сайрам ауданының жастары спорттағы жетістіктері арқылы өздерінің тек аудан емес, бүкіл республика намысын қорғауға дайын екендігін көрсетуде.
– Жоғарыда атап өткен жетістіктердің бірнешеуіне тоқталып өтсеңіз.
– Шәкірттерміздің жеңістері ауыз толтырып айтарлық. Оның ішінде ерекше атап өтуге болатындарына тоқталайын. Мәселен, Өзбекстанда өткен халықаралық турнирлердегі жетістіктер айтуға болады.
2024 жылдың 5-9 қаңтарында Ташкент қаласында волейболдан жасөспірім қыздар арасында өткен халықаралық турнирде Ақсу жекпе-жек спорт клубының қыздар командасы командалық есепте І орынды иеленді.
Жаттықтырушысы: Насридтинов Немъатжан.
Ал, 24-28 наурыз аралығында Ташкент облысының Бостандық ауданында бокстан 2008-2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында Наурыз мейрамына арналған республикалық ашық турнир өтті. Бұл жарыста төмендегі спортшылар жеңімпаз атанды:
• 33 кг салмақта Құрманбек Дияс – І орын
• 35 кг салмақта Елемес Азамат – І орын
• 37 кг салмақта Бегалы Дінмұхаммед – І орын
• 40 кг салмақта Әліпбек Рауан – І орын
• 40 кг салмақта Момбай Абзал – ІІ орын
• 46 кг салмақта Керімжан Ердаулет – ІІ орын
• 63 кг салмақта Қалы Жәнәлі – ІІ орын
• 50 кг салмақта Миласов Анзор – ІІІ орын
Жаттықтырушылары: Оразалиев Еркін, Джусипов Нұрғазы, Сыдыков Нуркен.
Сонымен қатар, 31 наурыз бен 5 сәуірі аралығында Ташкент қаласында волейболдан 2006-2007 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасында өткен Халықаралық «Ташкент кубогы» турнирінде біздің спортшыларымыз командалық ойындарда ІІІ орын иеленді.
Жаттықтырушысы: Эгамбердиев Кабулжан.
Бұдан бөлек, тамыз айының 16-26 аралығында Өзбекстан Республикасының Ишбихан ауданында бокстан 2010-2014 жылдары туған жасөспірімдер арасында Өзбекстанның тәуелсіздігіне 33 жыл толуына орай халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста жас спортшыларымыз тамаша нәтижелерге қол жеткізді:
• 42 кг салмақ дәрежесінде Уланов Руслан – ІІІ орын
• 43 кг салмақ дәрежесінде Абдукарим Бақдәулет – ІІ орын
Жаттықтырушылары: Рысқұлбеков Жанбатыр.
Бұл халықаралық жарыстарда жас спортшыларымыздың жетістіктері олардың тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушыларының кәсіби шеберлігінің нәтижесі екенін атап өту қажет. Біздің болашақ чемпиондарымыздың жетістіктері спорттың дамуында үлкен маңызға ие және олардың жаңа белестерге жетуіне сенім мол.
– Көңіл қуантарлық жеңістер екен. Ал, елде өткен жарыстарда жастармыздың жетістігі қандай?
– Еліміздің әр аймағында өткізілген республикалық және халықаралық турнирлерде біздің жасөспірімдер өз шеберліктерін көрсете отырып, жүлделі орындардан көрінді. Солардың ішінде бірнешеуін ғана, алыс аймақтардағы жарыстардағы жетістіктерді айтайын.
Қаңтар айында Шымкент қаласында өткен «БИК» компаниясының 35 жылдығына арналған еркін күрестен қалалық ашық турнирде, 32 келі салмақта Манат Аян мен Әлібек Ерасыл ІІІ орынға ие болды. Олардың жаттықтырушысы Мұратбек Жансерік жас спортшылардың еркін күрестегі дамуына үлкен үлес қосып келеді.
Тараз қаласында өткен Музалбек Кулумбетовты еске алуға арналған кикбоксинг турнирінде 60 келі салмақта Ирискулов Абдукадир ІІІ орын алды. Жаттықтырушысы Иристаев Атабек оның шеберлігін арттыруда көп еңбек сіңірді.
Ақпанда Таразда ұйымдастырылған Кеңес Омаровты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирде, +90 келі салмақта Ахмадалиев Дилшат ІІІ орынға қол жеткізді. Жаттықтырушысы Оразалиев Еркін.
Наурыз айында Астана қаласында өткен Бахтияр Артаевтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнирде, 66 келі салмақта Тәжібек Бейбарыс ІІІ орынды иеленді. Жаттықтырушысы Абдуллаев Данияр.
Мамыр айында Ақтөбе қаласында өткен кикбоксингтен ҚР чемпионатында 60 келі салмақта Исмайлова Жасмина ІІ орынды иеленді. Жаттықтырушысы Азизов Шухрат оның жетістігіне жетекші болды.
Қызылорда облысы, Тереңөзек кентінде көгалдағы хоккейден өткен республикалық турнирде Накипов Қанаттың жетекшілігіндегі команда ІІІ орынға табан тіреді.
Мамыр айында Астана қаласында фунакоши каратэден өткен Қазақстан чемпионатында Орал Айлана І орын, Исарулла Қаракөз ІІ орын, Жарылқап Камшат ІІ орын, Таныбек Ақкенже ІІІ орынды иеленді. Жаттықтырушысы Болысбеков Молдияр.
Көкшетау қаласында өткен кикбоксингтен ҚР чемпионатында Исмайлова Виктория мен Низамеддин Есдаулет ІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы Азизов Шухрат.
Балқаш қаласында өткен бокстан халықаралық турнирде Примбетов Алихан ІІ орынға шықты. Жаттықтырушысы Примбетов Қуат.
Бұдан бөлек, Түркістан облысының аймағында, ауданымызда өткен жарыстарда да топ жарып жүрген шәкірттер бар.
– Оларға да бір қысқаша шолу жасап өтсеңіз.
– Волейболдан:
1. 15-17 қаңтар, 2024 — Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында өткен волейболдан облыстық турнир: 4 орын (Ақсу жекпе-жек спорт клубы, жаттықтырушысы Эгамбердиев Қабылжан).
2. 19-21 қаңтар, 2024 — Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде «IGLIK VOLLEY-2024» облыстық ашық біріншілігінде: 1 орын (жаттықтырушылар: Файзуллаев Илхом, Эгамбердиев Қабылжан).
3. 09-13 ақпан, 2024 — Шардара ауданында волейболдан ашық біріншілікте: 3 орын (жаттықтырушысы Насритдинов Нейматжан).
4. 01-03 наурыз, 2024 — Шардара ауданында, 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012ж.т жасөспірім қыздар арасындағы облыс чемпионатында: 1 орын (жаттықтырушысы Насритдинов Нейматжан).
5. 05-07 наурыз, 2024 — Ордабасы ауданында, 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012ж.т жасөспірім ұлдар арасындағы облыс чемпионатында: 1 орын (жаттықтырушылар: Эгамбердиев Қабылжан, Файзуллаев Илхом).
Бокстан:
1. 25-28 қаңтар, 2024 — Шымкентте «Мәртөбе» республикалық ашық біріншілігінде:
• 32 кг — Лесбек Бекзат — 1 орын
• 33 кг — Құрманбек Диас — 1 орын
• 32 кг — Қидирали Алихан — 3 орын
• 33 кг — Жұмабек Абусултан — 3 орын (жаттықтырушысы Сыдыков Нұркен).
2. 04-09 ақпан, 2024 — Түркістан облысында, 2010-2011ж.т кіші жасөспірімдер арасындағы чемпионатта: 2 орын (43 кг, Серікбай Ұлан, жаттықтырушысы Байниязов Олжас).
3. 15-19 ақпан, 2024 — Түркістан қаласында, Ауған соғысының ардагері Мамрайымов Аппаз Ерқанатұлын еске алуға арналған республикалық турнирде:
• 70 кг — Примбетов Алихан — 1 орын
• 28 кг — Құрбанали Темірлан — 3 орын
• 34 кг — Жұмақұл Бейбарыс — 3 орын (жаттықтырушысы Примбетов Куат).
Күрестен:
1. 22-24 қаңтар, 2024 — Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында, әйелдер күресінен облыс чемпионатында:
• 55 кг — Аззамкулова Динар — 3 орын (жаттықтырушысы Рыстаев Ильяс).
2. 26-30 қаңтар, 2024 — Төлеби ауданында еркін күрестен облыс чемпионатында:
• 65 кг — Анартай Жеңіс — 1 орын
• 68 кг — Өмірбек Рахымжан — 3 орын (жаттықтырушысы Бердалиев Думан).
3. 14-16 наурыз, 2024 — Сайрам ауданында самбо күресінен аймақтық біріншілікте:
• 49 кг — Ниязбек Есбол — 1 орын
• 46 кг — Қанатұлы Доснар — 3 орын
• 49 кг — Бахытұлы Азамат — 3 орын (жаттықтырушысы Султанходжаева Умида).
Каратэден:
1. 08-10 наурыз, 2024 — Шымкентте «Shymken Open» республикалық турнирінде:
• 20 кг — Усарулла Қаракөз — 1 орын
• 24 кг — Әзілханұлы Эрнұр — 1 орын
• 40 кг — Усер Ерасыл — 1 орын
• +55 кг — Сулеймен Олжас — 1 орын (жаттықтырушысы Болысбеков Молдияр). Қысқаша осы.
– Өзіңіз басқарып отырған спорт шаңырағының алдағы жоспарымен бөліссеңіз…
– Биыл өткен жылдағыдай, алға қойған мақсат-міндет, жоспарымыз көп. Соның ішінде дене шынықтыру және спортты тұрғындар арасында насихаттауға, болашақ буынды салауатты өмір салтын ұстануға, аудан тұрғындарының денсаулығын қорғау мен нығайтуға, оларды дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысуына қолдау көрсетуге басымдылық берудеміз.
Споршылардың шеберлігін арттыру мақсатында тұрақты түрде түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізсек дейміз.
Бұдан бөлек, бұқаралық спорттық-салауаттылық және кәсіби-спорттық іс-шараларын ұйымдастырумен қатар спорт саласында ақпараттық, жарнамалық және баспасөз ісін ұйымдастыру жұмыстары бар. Осы жоспарларды өз дәрежесінде, сәтті орындап, аудан тұрғындарын спортқа баулу ісін әлде де шыңдап, қызығушылығын арттырамыз деп сенемін.
– Сұхбатыңыз үшін көп рахмет! Ауданымыздың алатаудай намысын қорғар спортшыларымызға алдағы жаңа белестерді бағындыру жолында сәттілік тілейміз.
Сұхбаттасқан: Нұрғиса Төремұратов.