ДАРХАНҒА ЕЛ РИЗА

«Қай кезде болсын елдің мұқтажына іскер, епті, байлығы барлық жандар ғана алаңдайды. Және олардың қолынан игі істер келіп, көпшіліктің алғысына бөленеді» дейді бір досым. Осы ой мені де ойлантып, қадірі артып келе жатқан азаматтарды түгендедім. Солардың бірі кәсіпкерлігімен көңілдің кең жайлауына жол салған Дархан Рахманқұлов есіме түсті. ЖК «Асыл»мекемесінің директоры Дарханда о баста жақсы идеялар болды. Кезінде мектеп, колледж салуға атсалысып, мердігер де болды. Ал былтырдан бері Ақсукент ауылдық округіне қарасты көпқабатты үйлерден тұрмыстық қатты қалдықтарды тазалау және тасымалдау жұмысымен айналысып келеді. Апта сайын қарасаңыз арнайы қатты қалдықтарды тазалауға арналған көлік, 5″ КамАЗ» жанында оннан астам жұмысшының тазалықпен айналысып жатқанына куә болып келеміз. Сол «за линия» аталып кеткен төңіректегі кәсіпкерлік нысандарының да күл~қоқысын осы Дарханның жігіттері алып жатады.
—Жасымнан тазалықты сүйіп, жинақылыққа құмар болдым. Айналамыздың таза болғаны жақсы емес пе? Ыбырсыған, лас жерге әр нәрсе үйір келеді. Аурудың, вирустың ошағы сол лас жерлер. Ал біз күл~қоқысты алып отырсақ, ұқыпты болсақ адамдар арасында сыйластық, құрмет артып отырады,-дейді Дархан. Жалындаған жас жігіттің осы сөзіне толық қосыламын. Қазір сол «Асыл» жеке кәсіпкерлігі тұрғындар көңілінен шығып үлгерді. Тұрмыстық қалдықтар алынып, көше мен көпқабатты үйлердің маңы тап~таза болып жатса, кім қуанбайды дейсіз! «Өркенің өссін, балам!» » Тапқаныңа береке берсін» деген жақсы тілектер Дархан бастаған жігіттерге арналып жатады. Рас, күл~қоқыс жинау оңай шаруа емес. Түрлі иістер, қатып қалған қалдықтар кездеседі. Одан бөлек кейбір тұрғындардың қызмет ақысын төлемейтіндері де жүйкеге салмақ түсіреді. Алайда осының бәріне төтеп беріп, жұмыстарын жалғастырып келе жатқан асыл істің негізі «Асылға» көпшіліктің көңілі толады.Енді алдағы уақытта 2-Ақсудағы жекелеген үйлерді де қамтып, олардан да күл~қоқыс тазалау ниетінде. Ол кезде жұмыс аумағы үлкейеді. Бастысы, келісімшартпен жұмыс істеледі. Жарайсың, Дархан. Бел~белестерді бағындырып, халықтың ілтипатына бөлене бер. Ауыл, аудан әкімдігі осы жақсы жұмысыңды бағалар бір күні. Ай, бірақ тұрғындар ризашылығы одан да артық. Ердің батамен көгеретінін білесің. Іске сәт, інім.

Н. Аяптегі.

3 thoughts on “ДАРХАНҒА ЕЛ РИЗА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *