ФРИСТАЙЛ. ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ.
25 қаңтар — 5 ақпан аралығында фристайл бәсекесінде Юлия Галышева, Павел Колмаков, Анастасия Городько секілді мықты спортшыларымыз жүлдеге таласады.
ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ (Ақпан—мамыр аралығы)
Түнгі ұйқыны төрт бөлетін тартысқа толы футбол бәсекесіне куә боламыз.
ШОРТ-ТРЕК. ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ.
10-12 наурыз аралығында шорт-тректегі танымал спортшыларымыз Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша т.б сынға түседі.
ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ.
Былтыр сенсация авторы атанған Қазақстан ұлттық құрамасы футболдан ЕУРО-2024 додасына жолдама алу үшін, Словения, Дания, Финляндия, Солтүстік Ирландия, Сан-Мариномен ойнайды.
ӘЙЕЛДЕР БОКСЫ. ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ (15-31 наурыз аралығы)
Былтыр өткен әлем чемпионатында қыздарымыз 1 күміс, 4 қола жүлде алған еді. Биыл сол көрсеткіштерін жақсартуға тырысады.
ЕРЛЕР БОКСЫ. ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ.
1-14 мамыр аралығында Ташкентте өтетін әлем чемпионатында бокстан ерлер құрамасы жүлдеге таласады.
1-орын — 200 мың доллар.
2-орын — 100 мың доллар.
3-орын — 50 мың доллар.
ХОККЕЙ. ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ.
12-28 мамыр аралығында хоккейден ұлттық құрамамыз кезекті әлем біріншілігінде күштерін сынайды.
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА. ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ.
19-27 тамыз аралығында жеңіл атлетикадан өтетін әлем чемпионатында тарихи жетістігіміз (былтыр Нора Жеруто алғашқы алтынды алған) жаңаруы мүмкін.
КҮРЕС. ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ.
16-24 қыркүйек аралығында болатын күрестен әлем чемпионатында жыл сайын жерлестеріміз жүлдесіз қалмайды. Көптен күткен алтын жүлде де бұйырып қалар.
АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ.
Былтыр пандемия салдарынан өтпеген Азия ойындары биыл өтуі керек.
2018 жылы өткен Азия ойындарында жерлестеріміз жалпы есепте 9-орынға жайғасып еді.