«ШАРЫҚТА, ШӘМШІ ӘНДЕРІ!»

Осындай тақырыппен биыл 2-ші рет елімізге танымал «Манкент» шипажайында біртуар тұлға Шәмшінің туған күніне орай Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт, денешықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен ғажап концерт ұйымдастырылды. Жаздың мақпал кешінде бөлімдегі халықтық ансамблінің сүйемелдеуімен атақты композитордың «Ақ бантик»,» Қара көздер», «Сыр сұлуы»,» Кешікпей келем деп, ең… «,» Теріскей», «Қайдасың?» әндері аспан кезіп, тыңдарманын тәнті етті. Жұрт жарыла топтасып, тамсана қол соқты.

Ал 2- бөлімде махаббат пен лирика кеші одан әрі жарқырап, көрермен қауымды ынтықтыра түсті. Аудан әкімнің орынбасары Мадияр Алипов жұртшылыққа қазақтың дара сазгері туралы естелік айтып, алыстан келген ағайынға сайрамдықтардың қонақжайлығы мен өнерпаздық өресінен хабардар етті. Мұнан соң іле-шала Шәмшінің «Арыс жағасында»,» Қайықта», » Өмір-өзен», » Ақсудан ұшқан аққулар», » Ақмайдайлым» мен «Ақсұңқарым» тыңдаған жанның жан сарайын оятты. Жиналған көпшілік Ш. Қалдаяқовқа көрсеткен құрметтері үшін Сайрам ауданының өнерпаздарына алғыстарын білдірді. Аудандық Құрманбек Жандарбеков атындағы мәдениет үйі өнерпаздарына риза болысты. Аталған кеште театрландырылған сахналық қойылым да көрсетілді. Мерейлі сәтте Қазақ халық театры, «Ақсу» халықтық фольклорлы ансамблі, эстрада әншілері, және «Самұрық» би тобы өнеріне куә болды. Елеулі туған күн кешіне ауданнан 50-ге жуық өнерпаздар қатысты. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген шипажайдағы 300-ден астам демалушылар концерттік бағдарламаны тамашалап, жоғары бағасын берді.

Шәмші Қалдаяқов – қазақ музыкасының тарихында алтын әріптермен жазылған есім. Оны халық арасында «Қазақ вальсінің падишасы» деп атайды, себебі ол жазған әндердің көпшілігі вальс ырғағында орындалады. Шәмші Қалдаяқов қазақ халқының ұлттық музыкасына үлкен үлес қосқан композитор.
Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Түркістан облысының Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Оның бала кезден музыкаға деген қызығушылығы ерекше болды. Кейіннен ол Ташкенттегі музыка училищесінде білім алып, музыкалық білімін жетілдірді.
Шәмші Қалдаяқовтың ең танымал әндерінің бірі – «Менің Қазақстаным». Бұл ән кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранына айналды. Оның шығармашылығы тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де жоғары бағаланып, көптеген концерттерде орындалды.

Шәмшінің әндері қазақ халқының рухани байлығын терең сезініп, оны музыка тілімен жеткізе білген. Оның әндері ел арасында кеңінен таралып, халықтың жүрегінен орын алды. Ол өзінің туындылары арқылы қазақ музыкасын жаңа деңгейге көтерді.
Шәмші Қалдаяқов – қазақ музыкасының мақтанышы, оның шығармалары ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мәңгілікке сақталады. Ол қазақ вальсінің негізін қалаған, ұлттық музыканың дамуына үлкен үлес қосқан композитор.
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде сазгер 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді.Ұлы сазгерге деген құрмет сайрамдықтарда мұнымен тоқтамайды.

Нұртілек Тұрдымұратов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *