РЕЗЕРВКЕ 30 АДАМ ІРІКТЕЛДІ

2024 жылғы 29 тамызда Департамент басшысының орынбасары Дархан Суртеков Өңірлік кадр резервіне іріктеудің аяқталғаны туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің әр өңірінде
алғаш рет талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас басқарушылардың тобын қалыптастыру мақсатында, ағымдағы жылдың
1 наурызынан бастап өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жүргізілді.

Оған еліміздің аймақтарынан жоғары білімді, кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар, 35 жастан аспаған 634 адам қатысуға өтініш білдірді.

Іріктеуде кандидаттар өңірдегі индустрия және өнеркәсіп, әлеуметтік, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, экономика және қаржы, ТКШ және инфрақұрылым, цифрландыру салалық бағыттары бойынша таңдады.

Құжат тапсырғандардың арасынан 297 адамның құжаты қабылданып, тестілеу кезеңіне жіберілді. Одан оң нәтиже көрсеткен
110 кандидат жеке қасиеттерін бағалау кезеңіне жіберілді.
Нәтижесінде, Астана қаласында Асессорлармен өткен
«Құзыреттерді бағалау» кезеңіне қатысуға 62 кандидат мүмкіндік алған.

Осы «Құзыреттерді бағалау» кезеңіне жіберілгендердің арасынан
50 кандидат іріктеудің «Құрылымдық сұхбат» кезеңіне жіберіліп, бұл кезеңде кандидаттар өздері таңдаған салалық бағыттарға сәйкес дайындаған жобасын қорғап, өз идеялары мен мақсаттарын,
мүмкін болуы проблемаларды, күтілетін нәтижелерді түсіндірді.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің үйлестіруімен өткен іріктеудің қорытынды
отырысында Өңірлік кадр комиссиясының шешімімен 30 адам резервке іріктелініп алынды. Ол туралы ақпарат Департаменттің және Түркістан облысы әкімі аппаратының, сондай-ақ onir.pkrezerv.gov.kz ресми сайттарында жарияланды.

Өңірлік кадр резервіне алынғандардың ішінде мемлекеттік қызметшілер (23), жеке (1) және квазисекторда (4) және келісімшартпен жұмыс жасайтындар (1), тіпті қазіргі таңда жұмыссыз (1) болып табылатын адамдар да қабылданды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаменті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *