5 қыркүйек – Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне және Қазақстан халқы тілдері күніне орай Облыстық тілдерді дамыту орталығы мен Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тілім – тұғырым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға 5574 әскери бөлімінің жеке құрамы белсенді қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ана тілімізді дәріптеу және еліміздегі тілдер арасындағы татулық пен өзара құрметті насихаттауға бағытталған мазмұнды бағдарламаның куәсі болды.

Шара барысында ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, тілдің адам өміріндегі және қоғамдағы маңызы кеңінен айтылды. Әскери қызметшілер үшін бұл – ана тілімізге деген құрметті арттырып, тіл мәдениетін дамытуға жол ашатын тағылымды іс-шара болды.
Тілге құрмет – елге құрмет. Ана тілімізді ардақтау – әр азаматтың парызы!