Бүгін аудан көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Аудан әкімінің тапсырмасымен бастау алған сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен бюджеттік мекеме мамандары, барлық ауылдық округтер белсене қатысты.
Ауданның жаңа әкімі Арман Сәбитов Ақсукент ауылын аралау барысында абаттандыру, тазалық жұмыстарының нашар жүргізілуіне байланысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Онда аудан орталығын көркейтіп, абаттандыру мақсатында атқарылу керек жұмыстарды пысықтап, көркейту жұмыстарын қарқынды іске асыру мақсатында жауаптыларға қосымша тапсырмалар жүктеді.
Бұдан бөлек, «Орталық дендросаябақ» аумағы мен «Мәртөбе» алаңын қараусыз қалғаны үшін Ақсукент ауылдық округі әкімінің жұмысын сынға алып қатаң талаптар қойды.
Н. Аяптегі.
Күшті жұмыс .Алға Аксукент!!!