АУДАННЫҢ АБЫРОЙЫН АСЫРҒАН АҚСҰЛТАН ӘЛЕМДІК ДОДАҒА ҚАТЫСАДЫ

Ауданымыздың перзенті,2009 жылы дүниеге келген Өмірзақ Ақсұлтан Нұрланұлы 19-25 тамыз аралығында Филиппин мемлекетінің астанасы Манила қаласында өткен WKF каратэден Азия чемпионатында (70 келі салмақ бойынша) ІІ орынға ие болды. Айтулы додада тамаша өнер көрсетіп, қарсыластары мен қазылады тәнті етті. Ол енді Италия мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Нағыз сүйінші осындай-ақ болар! Болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшыны додаға қосқан — Сарсекулов Роман Ордалиұлы. Ол— жоғарғы деңгейдегі жаттықтырушы.

WKF каратэ — бұл Дүниежүзілік каратэ федерациясы (World Karate Federation, WKF) ұйымдастыратын спорттық каратэ түрі. WKF — каратэнің халықаралық деңгейдегі ең үлкен және беделді ұйымы. Ол 1990 жылы құрылған және Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мойындаған каратэ спорт түрінің басқарушы органы болып табылады.

WKF каратэнің ерекшелігі — ол спорттық жарыстарда қолданылады және белгілі бір ережелер мен стандарттарға сәйкес келеді. Бұл ережелер спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әділ жарысты өткізуге бағытталған. WKF каратэде екі негізгі жарыс түрі бар:

1. **Кумитэ** — қарсыласпен жекпе-жекке түсіп, ұпай жинауға негізделген жарыс.
2. **Ката** — бұл белгілі бір техника жиынтығын орындау арқылы өнер көрсету.

WKF каратэнің тағы бір маңызды ерекшелігі — оның олимпиадалық спорт түрі ретінде мойындалуы. Каратэ алғаш рет Токио-2020 Олимпиадасы ойындарының бағдарламасына енді.

WKF каратэ —әлемнің біраз елінде танымал. Және көптеген спортшылар мен каратэ әуесқойлары осы ережелер бойынша жарыстарға қатысады.Біз саған сенеміз, жас өскін!
Н. Аяптегі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған