КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ «КӨРІКТІ САЙРАМ» МЕКЕМЕСІНДЕ ӨТТІ

Бүгін ауданның тазалығына атсалысып, уақытпен санаспай адал еңбек етіп жүрген «Көрікті Сайрам» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесу өтті. Онда арнайы барған эксперттер мен жауапты тұлғалар Қазақстанның энергетикалық секторын трансформациялауға арналған бастамалар жөнінде ой бөлісті. Яғни, «Ауыл» партиясы САФ төрағасы Е.Жайлаубеков еліміздегі электр энергиясының қорымен байланысты туындап жатқан түйткілдерді айта отырып, атом энергетикасының тиімділігі туралы ғалымдар мен сала мамандарының пікірлерімен бөлісті.
Қазіргі кезде Қазақстанда электр энергиясын өндірудің негізгі көзі көмірмен жұмыс істейтін станциялар болып табылатыны мәлімделіп, олардың үлесіне елдегі өндірілетін электр энергиясының шамамен 70 пайызын құрайтыны жарияланды. Электр қуатын тұтынудың жылдық өсімі 3 пайызға тең екені жеткізіліп, көмір станцияларының тозу деңгейі 70 пайызға жетіп отырғаны назарға алынды. АЭС салудың экономикалық және экологиялық маңыздылықтарына тоқталды.
Ал «Мұрагер» Бейбітшілік шарты әскері күштерінің Ардагерлері Республикалық қоғамдық бірлестігі Сайрам ауданы бөлімінің төрағасы М.Алиев және «Ядролық полигондың ардагерлері» қоғамдық бірлестігі төрағасы М.Ирисметов қатысып, пікір білдірді. Жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Е.Оспанов.
Сайрам ауданы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған