СҰРМЕРГЕН СЕЙДАЛИЕВ

Ынтымақ ауылындағы N24 М. Махажанов атындағы жалпы орта мектебінде ерте ер жетіп, ерлік көрсеткен Мырзагелді Махажановтың рухына бағышталған 60 жылдық мерейтойының бір бөлігі сәтті өтті. Жерлес ағамыз небәрі 19 жасында бұрынғы КСРО ның қитұрқы саясатының кесірінен Ауған жерінде ерлікпен қаза тауып, «Қызыл жұлдыз» орденімен наградталған интернационалист батыр. Сайрам ауданының даңқын асырған батырдың 60 жылдық мерейтойына орай дәстүрлі садақ спортынан облыстық алғашқы жарыс жалауы желбіреді. Байрақты бәсекеде патриоттық рухта тәрбиеленіп келе жатқан жас мергендер мен облысымыздың республикаға танымал сұр мергендері бас қосып, бақ сынады. Ересектер арасында Әділет министрлігінің старшинасы, ұлттық спортымыздың жанашыры, қашанда дәстүрлі садақ спортын жастарға дәріптеп жүретін Мұрат Сейдалиев Амалбекұлы да ауыл намысын қолдан бермеу үшін сайысқа арнайы қатысты. 70тен аса мерген жебе ұстаған бұл облыстық турнир тартысты да, қызықты өтті. Дүбірлі додада Республикадағы чемпионаттардың талай жүлдесін жеңіп келген сұр мергендердің мысын басып, ұпай санымен суырыла алға шыққан Мұрат Амалбекұлы Ынтымақ ауылының мерейін асқақтатып, жүлделі қола медальді мойнына тақты. Сондай-ақ, ол алда Балқаш қаласында өтетін Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған республикалық турнирге қатысуға аранайы сертификатқа ие болды.
Жарқын қуанышты бізбен бөліскен ұлтын сүйер азамат, «САЙРАМ САДАҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ « СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ТІЛШІСІ МАХАНБЕТ СӘТБАЕВ:
— Әскери қызметте жүрсе де, дәстүрді дәріптеп, ұлттық спортты ұмытпаған жұдырықтай жүрегі елім деп, намысты қолдан бермеген Мұрат Сейдалиевке ауыл атынан алғыс айттық. Арқасынан қағып, арнайы сый-сыяпат жасадық,-дейді.
Садақ ату — мергендік спортының бір түрі. 1900 жылдан бері — жазғы Олимпиада ойындарының тізіміне кірген. Шыдамдылық, жүйке мықтылығы, өткір көз және қуатты қол – осының барлығы садақпен атқанда жеңіске жету үшін қажет. Бүгінгі күні осы спорт түрімен әлемнің 140 елінде айналысады, ал садақ ату көп күшті қажет ететін, соңғы жебеге дейін жалғасатын жарыс.
Нұртілек ТҰРДЫМҰРАТОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *