ЗАҢДЫЛЫҚ БӘРІНЕН БИІК ТҰРАДЫ

Қазақстан – біртұтас мемлекет. Оның әрбір заңы мен қоғамдық ұстанымы ұлт бірлігін нығайтуға бағытталған. Солардың ішінде мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғамдағы орны мен рөлін бекемдеуде жарнаманың атқаратын орны ерекше. Жарнама – халыққа тікелей әсер ететін құрал. Ол тек тауар мен қызметті таныстыру ғана емес, сонымен бірге ұлттық сана мен мәдениетті қалыптастыратын ықпалды тетік.
Бұған заң не дейді? Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңының 21-бабына және «Жарнама туралы» заңының талаптарына сәйкес, ел аумағындағы барлық жарнамалар міндетті түрде мемлекеттік тілде – қазақ тілінде жазылуы тиіс. Бұл норма қоғамдық орындардағы маңдайшаларға, көрнекі ақпаратқа, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама мәтіндеріне, интернеттегі жарнамалық контентке де толықтай қатысты.
Сонымен қатар заңда: Қазақ тілі жарнамада бірінші кезекте, негізгі тіл ретінде қолданылуы тиіс екені, өзге тілдерде ұсынылуы мүмкін, бірақ ол қазақ тілінен кейін, аударма ретінде ғана берілуі керек екені нақты жазылған. Бұл талаптар – тіл саясатының тек қағаздағы көрінісі емес, нақты орындалуы тиіс мемлекеттік міндет.
Жарнама – тіл мәдениетінің айнасы. Осыны ұғатын уақыт келді әлдеқашан. Кейінгі жылдары елімізде жарнамада жіберілетін қателер, тілдік сауатсыздық, шала аудармалар жиі сынға алынуда. Бұл жағдай қоғамның эстетикалық талғамына ғана емес, мемлекеттік тілдің беделіне нұқсан келтіреді. Мемлекеттік тілге деген құрметтің көрсеткіші – алдымен жарнама мен қоғамдық кеңістіктегі мәтіндердің сапасы. Жарнамада тіл нормаларын сақтау – құқықтық талап қана емес, азаматтық жауапкершілік. Бұл – тұтас қоғамның тілге деген көзқарасын, тіпті патриоттық деңгейін айқындайтын өлшем.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында, сұхбаттарында және қоғамдық жиындарда мемлекеттік тіл мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Ол қазақ тілінің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, елді біріктіруші фактор, ұлттың негізі екенін үнемі атап өтеді. Мәселен, Президент былай дейді:
«Қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі. Оны білу – әр азаматтың парызы. Бұл – елге, ұлтқа деген құрмет».
Сондай-ақ, жарнама және көрнекі ақпарат мәселесіне қатысты:
«Жарнамалар мен маңдайшаларда мемлекеттік тілдің өрескел бұрмалануы – бұл ұлтқа деген құрметсіздік»,– деп те қатаң сын айтқан болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазіргі таңда мемлекеттік тілдің қолданысын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Барлық жарнама мен ресми ақпараттың сапалы аударылуы, тілдік нормаларға сай болуы мемлекеттік бақылауға алынды.
Мемлекеттік тіл – бұл тек заң нормасы емес, елдің рухани тұғыры. Жарнама – сол тілдің күнделікті өмірдегі көрінісі. Сондықтан жарнамада қазақ тілінің орны айқын, беделі биік болуы тиіс.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты мемлекеттік тілді қорғап қана қоймай, оның аясын нақты іспен кеңейтуге бағытталған. Бұл – барша азамат үшін ортақ міндет.
Осы орайда Сайрам ауданының орталығы Ақсу ауылындағы “Master Reklam” жарнама агенттігінің негізін қалаған Ғұламжан Турсумбаевпен сұқбаттасудың сәті түсті.

— Ғұламжан аға, сіздердің жарнама агенттігі туралы жұртшылық жақсы пікірде екенін білеміз. Әңгімені осыдан бастайықшы.

— Бүгінгі таңда табысты бизнестің маңызды бөлігінің бірі – сапалы жарнама. Осы бағытта “Master Reklam” жарнама агенттігі өз жұмысын сәтті жалғастырып келеді. Біз жарнама саласында 5 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз қызмет көрсетіп, көптеген жобаларды сәтті жүзеге асырдық. Біздің агенттік — кәсіби мамандар командасы мен заманауи технологияларды біріктіре отырып, клиенттердің армандарын шындыққа айналдыратын шығармашылық алаң. Біз жарқыраған, әсерлі және есте қаларлық жарнама өнімдерін ұсынамыз.

— Сіздерде қанша адам жұмыс істейді?

— Негізгі безендіру аппаратында 3 жігіт, монтаж жасайтын 4 жігітжұмыс істейді, өзім дизайнермін. Тапсырыс дизайндерді істеп әріптестеріме берем олар “жеті өлшеп, бір кеседі де” станокпен кесіп, басып шығарған соң монтаж жасап орнатады. Біздегі фрез станогы әр түрлі ою өрнектерді кеседі, кең көлемдегі принтеріміз бар. Ені 3 метрге дейін жетеді. Лазерлі ойма жасайтын станок та күрделі істерде көмекке келеді. Баннерлік винил, Mesh-тор, оракал, пластик алюкобонд, акрилдермен жұмыс істейміз. Бас дизайнер ретінде жұмыстың бәрін өзім бақылап отырамын.

— Сонымен сіздерде қандай қызметтер бар?

— Көптің көңілінен шығу үшін әрі тапсырыс мәнін ескеріп, мейлінше сапалы етеміз. Қызметімізге мыналар кіреді: жарық диодпен жанатын көлемді әріптерді дайындау және орнату, кең форматты баннерлерді, өзі желімделетін пленкаларды басып шығару, автокөліктерді брендтеу және жарнамалық орау, креативті графикалық дизайн қызметтері, фасадтарды, дүкен маңдайшаларын безендіру және тағы да басқа жарнамалық өнімдер бар.Біздің әрбір жобамыз – бұл ерекше көзқарас, сапа мен шеберліктің үйлесімі.

— Жарнамаларда мемлекеттік тілге мән беріле ме?

— Әрине, онсыз біз әрекет етпейміз. Сөздердің дұрыс жазылуын, тыныс белгілердің қойылуын білікті мамандардан сұрап отырамыз. Әсіресе, бізге көп жағдайда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Тілдерді оқыту және дамыту орталығының қызметкерлері көп көмек көрсетеді. Осы мекеме басшысы Зухра Ақпановаға рақмет, біздің өтінішімізді ешқашан аяқсыз қалдырған емес. Елімізде қазақ тілінің құрметі асып, мемлекеттік тіл заңдылығының сақталуына үлесімізді қосып келеміз деп толық айта аламын. Жарнаманың сауатты жазылуына кейбір кәсіпкерлер мен мұғалімдер де үйренді. Олардың кейде өздері қатесіз жазып әкелетініне қуанамыз. Жалпы, жарнама жұмысы ұжымдық тірлік, онсыз кемшіліктердің кездесетіні анық. Кейде орфографиялық қателерді ескермей есепке алатын болсақ, ауданымыздағы тұрғындардың 90 пайызы мемлекеттік тілді біледі деп сенемін.

— Білім мен тәрбие саласына қатысты жұмыстарыңыз қандай?

— Мектептер мен балабақшаларға арналған кешенді безендіруді де қолға алдық. Тапсырыс көп.“Master Reklam” жарнама агенттігі білім беру мекемелерін заманауи, мазмұнды және көрнекі түрде безендірумен де айналысады. Біз тек бизнесті ғана емес, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін мекемелердің де сыртқы және ішкі келбетін көріктендіруге атсалысамыз.Біздің мақсат – балаларға арналған ортада шырайлы, тартымды және танымдық атмосфера қалыптастыру. Сол үшін біз:
Ақпараттық стендтерді (күн тәртібі, оқу жетістіктері, қауіпсіздік ережелері, ата-аналар бұрышы және т.б.) креативті әрі сапалы етіп жасаймыз.
Кабинеттер мен дәліздерді түрлі-түсті дизайн элементтерімен безендіреміз.
Бағдар көрсеткіштері мен қауіпсіздік белгілерін орнатып, мекеме ішіндегі бағдарлауды жеңілдетеміз.
Білімге, отанға, тәрбиеге байланысты тақырыптық тақтайшалар мен постерлер дайындаймыз.
Балаларға арналған интерактивті тақталар, стендтік композициялар мен фотозоналар жасаймыз.
Барлық өнімдеріміз сапалы материалдардан жасалып, ұзақ уақыт қолдануға жарайтынына кепілдік береміз. Біздің мекенжайымыз Сайрам ауданының орталығы Аксу ауылының Nik сауда орталығы 3- қабатта орналасқан. Ал, арнайы цехіміз Бекет батыр көшесінде. Бізбен Instagram әлеуметтік желідегі @master__reklam парақшасымен де байланысуға болады. Байланыс телефонымыз: +7 775 095 26 16.

— Сұқбатыңызға рақмет. Жұмыстарыңыз өнімді болсын!

Нұртілек Тұрдымұратов.
Ақсу ауылы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *